29.11.2017, 17:30 4294

Қызылорда облысыныӊ Сырдария ауданында 39 ауылшаруашылығы өндірістік кооперативі құрылды

Оныӊ айтуынша құрылған кооперативтер аралас ауылшаруашылығы, егіншілік, мал өсіріп ет өнімін алу, құс етін өндіру, көркейту-көгалдандыру жұмыстарымен айналысады.

Қызылорда. 29 қараша. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ Сырдария ауданында 39 ауылшаруашылығы өндірістік кооперативі құрылды. Оныӊ ішінде 11 кооператив 20 өзіндік қосалқы шаруашылықтарыныӊ бірігуі арқылы құрылған. Бұл туралы Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында аудан әкімі Ғанибек Қазантаев мәлімдеді.

Оныӊ айтуынша құрылған кооперативтер аралас ауылшаруашылығы, егіншілік, мал өсіріп ет өнімін алу, құс етін өндіру, көркейту-көгалдандыру жұмыстарымен айналысады.

- "50 ауыл" бағдарламасы бойынша "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ-ы арқылы Ақжарма ауылдық округінен 20 өзіндік қосалқы шаруашылықтары бірігуі арқылы "Ақжарма - Инвест" және "Ақжарма Ынтымақ" АӨК" ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері 126,8 млн теӊге несие алып, 852 бас мүйізді ірі қара малыныӊ сүтті тұқымдарын көбейту бағытында күтіп бағуда. Сонымен қатар "Ақжарма - Инвест" ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі "Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ-нан мал сою алаӊыныӊ құрылысымен ет өнімдерін өӊдеу бағытында және сүт қабылдау пунктін ашуға 27 млн теӊге несие алып құрал жабдықтар алуда, - дейді аудан басшысы.

Сонымен қатар, Қызылорда "Өнірлік инвестициялық орталығы" арқылы Айдарлы ауылдық округінен "Айдарлы-Кадыр ата" АӨК" ауылшаруашылығы өндірістік кооперативі 18 млн теӊге. А.Тоқмағанбетов ауыл округінен "Игілік-Береке" АӨК" ауылшаруашылығы өндірістік кооперативі 14 млн теӊге. Іӊкардария ауылдық округінен "Даму Қожеке Батыр" АӨК" ауылшаруашылығы өндірістік кооперативі 13 млн теӊге, Н.Ілиясов ауылдық округінен "Алихан-Заӊғар" АӨК" ауылшаруашылығы өндірістік кооперативі 18 млн теӊге несиелерін алып ет, сүт бағытындағы малдары алынуда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны