30.11.2017, 14:18 12676

Қызылорда облысыныӊ Сырдария ауданында құрылыс жұмыстарыныӊ көлемі 6 млрд 974 млн теӊгені құрады

Қызылорда облысыныӊ Сырдария ауданында осы жылдыӊ 10 айында 117 508 шаршы метр тұрғын үй салынды. Ол өткен жылдыӊ осы кезеӊімен салыстырғанда 104,9 пайызды құрады.

Қызылорда. 30 қараша. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ Сырдария ауданында осы жылдыӊ 10 айында 117 508 шаршы метр тұрғын үй салынды. Ол өткен жылдыӊ осы кезеӊімен салыстырғанда 104,9 пайызды құрады. Бұл туралы аудан әкімі Ғанибек Қазантаевтыӊ баяндамасынан белгілі болды. Оныӊ айтуынша, аудандағы құрылыс жұмыстарыныӊ көлемі 2017 жылғы қаӊтар-қазанда 6 млрд 974 млн теӊге болып, өткен жылдыӊ тиісті кезеӊімен салыстырғанда 5,3 есеге артып отыр.

- Ағымдағы жылы Тереӊөзек кентінде 5 үш бөлмелі және 5 екі бөлмелі үйлердіӊ құрылысына облыстық бюджет есебінен 70,0 млн теӊге және аудандық бюджеттен 36,3 млн теӊге қаржы бөлініп отыр. Бүгінгі күнге 52,5 млн теӊге игерілді. Салынып жатқан тұрғын үйлер желтоқсан айында пайдалануға беріледі.

2017 жылы республикалық бюджет есебінен Тереӊөзек кентініӊ Амангелді және Ергешбаев көшелерініӊ қиылысында тұрғын үй кварталы құрылысыныӊ инфрақұрылымын бастауға 100 млн теӊге бөлініп, құрылысы жүргізілуде.

Аудандық бюджет есебінен 21,8 млн теӊге қаржыға Тереӊөзек кентіндегі көлемі 135 гектарды құрайтын инфрақұрылымныӊ жобалау сметалық құжаты дайындалып мемлекеттік сараптамадан өткізілді,- дейді аудан әкімі.

Айта кетейік, Шіркейлі ауылындағы жаӊа мөлтек ауданныӊ инфрақұрылымы құрылысын аяқтауға республикалық бюджет есебінен 111,9 млн теӊге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары аяқталып пайдалануға берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны