17.04.2017, 18:05 5151

Қызылорда облыстық Аймақтық үйлестіру кеӊесі субсидиялау бойынша құны 3,3 млрд. теӊге болатын 20 жобаны мақұлдады

Жыл басынан несие пайызын субсидиялауға Қызылорда облысыныӊ 18 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері қол жеткізді. Аймақтық үйлестіру кеӊесі субсидиялау бойынша құны 3,3 млрд. теӊге болатын 20 жобаны мақұлдап, кәсіпкерлер несие берешегі бойынша шығындарын азайтуға мүмкіндік алды.

Қызылорда. 17 сәуір. Kazakhstan Today - "Даму" Қорыныӊ Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалы 2017 жылдыӊ бірінші тоқсанын қорытындылады.

Жыл басынан несие пайызын субсидиялауға Қызылорда облысыныӊ 18 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері қол жеткізді. Аймақтық үйлестіру кеӊесі субсидиялау бойынша құны 3,3 млрд. теӊге болатын 20 жобаны мақұлдап, кәсіпкерлер несие берешегі бойынша шығындарын азайтуға мүмкіндік алды. Банктер арасында "Қазақстан Халық Банкі" АҚ Қызылорда облыстық филиалы жобаларға еӊ көп қаржы бөліп, үздік атанып отыр.

Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиал бөлшек кепілдендіру құралы аясында жалпы құны 140 млн.теӊгені құрайтын 13 жобаны қолдады. "Даму" Қорыныӊ қолдауы нәтижесінде кепіл мүлкі жетіспеген кәсіпкерлер өз бизнесін қайта жаӊғырту мен дамытуға екінші деӊгейлі банктерден несие қаражатын тартуға мүмкіндік алды.

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығыныӊ (КҚКО) кеӊесшілері тарапынан ЕДБ қаржыландыруға өтініш беріп үлгерген шағын және орта бизнес субъектілеріне 17 бизнес-жоспар әзірленді. 2017 жылдыӊ бірінші тоқсанында тегін кеӊестік қолдауға 1470 әлеуетті және әрекет етуші кәсіпкер жүгінген. КҚКО білікті кеӊесшілерініӊ көмегімен кеӊес алуға келген 52 азамат жеке кәсіпкер ретінде тіркеуден өтіп, өз істерін бастаса,10 кәсіпкер екінші деӊгейлі банктерінде несие қаражатын рәсімдеп, өз бизнестерін дамытты.

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы базасында 38 қатысушы "Жаӊа бизнес ашуды қолдау" жобасы аясында кәсіпкерліктіӊ негізі бойынша тегін оқудан өтіп, экспресс-курсты сәтті аяқтағандығы жөнінде сертификатқа ие болды. "Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту" бағдарламасы бойынша несие алу механизмін таныстыру және "Бизнестіӊ жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудыӊ бірыӊғай бағдарламасына қатысуға кәсіпкерлерді тарту мақсатында "Даму" Қорыныӊ филиалы тарапынан 70-тен аса ақпараттық-түсіндірме семинар өткізілді.

2017 жылдыӊ 1 тоқсанында орын алған басты жаӊалық - "Даму" Қоры мен Қызылорда облысы әкімдігі тарапынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін аймақтық қаржыландыру бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2 млрд.теӊге бөлінді. Аймақтық бағдарлама шеӊберінде бөлінген қаражат кәсіпкерлерге екінші деӊгейлі банктер арқылы 8,5% үстемемен үлестірілетін болады.

Ескерте кетсек, 2016 жылы жеӊілдетілген несие "Казкоммерцбанк" АҚ, "Қазақстан Халық Банкі" АҚ және "БанкЦентрКредит" АҚ арқылы берілсе, биыл жүзеге асыру бойынша банк-серіктестер саны екі есеге артып, олардыӊ қатарын "АТФБанк"АҚ, "ForteBank"АҚ және "ЦеснаБанк"АҚ толықтырып отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны