28.04.2017, 18:19 4360

Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасы қазалылық кәсіпкердіӊ 430 мыӊ теӊгеден астам қаржысын сотта қорғап қалды

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетініӊ шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қазсушар" республикалық мемлекеттік кәсіпорныныӊ Қызылорда филиалы қазалылық "Жалаӊтөс" ЖШС-нен 518 009 теӊге тұрақсыздық айыппұлын және 15 540 теӊге мемлекеттік баж алымын өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінеді.

Қызылорда. 28 сәуір. Kazakhstan Today - Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасы Қазалы аудандық филиалыныӊ кеӊесшісі Шыӊғыс Қадіров қазалылық кәсіпкердіӊ 430 мыӊ теӊгеден астам қаржысын сотта қорғап қала алды. Бұл туралы Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасы Қазалы аудандық филиалыныӊ директоры Ермек Аймаханов айтты.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетініӊ шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қазсушар" республикалық мемлекеттік кәсіпорныныӊ Қызылорда филиалы қазалылық "Жалаӊтөс" ЖШС-нен 518 009 теӊге тұрақсыздық айыппұлын және 15 540 теӊге мемлекеттік баж алымын өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінеді.

2016 жылы 29 сәуірде "Қазсушар" РМК Қызылорда филиалы мен "Жалаӊтөс" ЖШС арасында суару суын жеткізу жөніндегі қызметтер көрсету келісім шарт жасалады.

Келісім шартқа сәйкес "Қазсушар" мекемесі 2016 жылдыӊ 31 мамырында, 30 маусымында, 31 шілдесінде және 15 тамызында суландыру үшін суармалы суды жеткізу жөніндегі қызмет көрсету актілеріне сәйкес кәсіпкерге 31 620 000 текше метр суармалы суды жеткізіп, жалпы көлемі 10 553 492 теӊгеге қызмет көрсеткен және көрсеткен қызметіне сай шот-фактура ұсынған.

Қызмет көрсетуші мен кәсіпкер арасында жасасқан шарт бойынша көрсетілген қызмет ақысын жазылған шоттар оған берілген күннен кейін 10 күн мерзімде төлеу қажет.

Алайда кәсіпкер өз міндеттемесін уақытынан сәл кеш, бірақ толық аударады. Ал "Қазсушар" мекемесі жасалған шартта көрсетілген тармақты негізге ала отырып, тұрақсыздық айып сомасын есептеп, кәсіпкерге 518 009 теӊге төлеуді талап етеді.

Сотта "Жалаӊтөс" ЖШС атынан қатысқан Кәсіпкерлер палатасы Қазалы аудандық филиалыныӊ кеӊесшісі Шыӊғыс Қадіров кәсіпкердіӊ қызмет ақысын төлеуден жалтармағанын, тек қаржылық қиындықтарға байланысты, яғни мамыр-тамыз айларында салыққа, еӊбекақыға, жанар-жағар майға, қосалқы бөлшектерге, электр энергиясына, банк шығындарына, тыӊайтқыштарға шығыстары болғанын, сондықтан көрсетілген қызметке ақыны кешіктіріп төлегендігін алға тартып, дәлелдеме құжаттарын көрсете отырып, тұрақсыздық айыппұлыныӊ көлемін азайтуды сұрады.

Сот талап қоюшыға залал келмегенін, жауапкердіӊ ауылшаруашылығымен, яғни егін егумен айналасатынын, сондықтан негізінен қаржылай кірістер күз айында болғанын, сондай-ақ қызмет ақы бойынша төлемдерді осы күнде толық төлегенін, кешіктіру мерзімі тым ұзақ емес екенін ескеріп, тұрақсыздық айып сомасын 518 009 теӊгеден, 100 000 теӊгеге дейін, мемлекеттік баж алымын 15 540 теӊгеден 3 000 теӊгеге төмендету туралы шешім қабылдап, кәсіпкерден 103 мыӊ теӊге өндіру туралы шешім шығарды.

Нәтижесінде қазалылық кәсіпкер 430 мыӊ теӊгеден астам қаржысын үнемдеп кала алды.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасыныӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны