28.04.2017, 18:28 5500

Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасында "Қазақстанныӊ үздік тауары" облыстық көрме-байқауына және "Алтын сапа" сыйлығына құжаттар қабылдануда

Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасында жергілікті кәсіпкерлердіӊ қатысуымен ҚР Президентiнiӊ "Алтын сапа" сыйлығы мен "Қазақстанныӊ үздік тауары" республикалық көрме-байқауы ережелерін түсіндіруге арналған семинар өтті.

Қызылорда. 28 сәуір. Kazakhstan Today - Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасында жергілікті кәсіпкерлердіӊ қатысуымен ҚР Президентiнiӊ "Алтын сапа" сыйлығы мен "Қазақстанныӊ үздік тауары" республикалық көрме-байқауы ережелерін түсіндіруге арналған семинар өтті. Басқосуда "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасыныӊ Шағын және орта бизнесті дамыту департаменті директорыныӊ орынбасары Салтанат Абдикаримова мен республикалық көрме-байқауын өткізу тәртібі мен бағалау әдістерін түсіндіруге мамандандырылған арнайы өкіл, "Интерсерт" ЖШС қызметкері Виктор Ким жиынныӊ маӊыздылығына тоқталды.

- Биылғы "Қазақстанныӊ үздік тауары" республикалық көрме-байқауы "EXPO - 2017" шарасы аясында тамыз айында өткізіледі деп жоспарлануда. Біздіӊ отандық тауар өндірушілерімізге шет елден келетін туристердіӊ, іскер азаматтардыӊ назарын аудартпақпыз. Осылайша, республикалық көрмеге еліміздіӊ барлық облыстарынан келетін тауар өндірушілер өздеріне серіктестер тауып, байланыс орнатуға жақсы мүмкіндік туады деп сенеміз, - деді С.Абдикаримова.

Мұнан соӊ облыстық кәсіпкерлер палатасыныӊ сарапшысы Гүлдана Таӊатова аймақта аталған байқауға қатысушылар саныныӊ артып келе жатқанын жеткізді.

- Сыр елінде "Алтын сапа" сыйлығы мен "Қазақстанныӊ үздік тауары" республикалық көрме-байқауына қатысушылар саны жыл сайын артып келеді. Қазір жергілікті кәсіпкерлер осындай шаралар арқылы сенімді серіктестер табуға болатынына көздері жетіп, белсенділік танытуда. Мәселен, биылғы өӊірлік байқауға бүгінге дейін 30-дан астам кәсіпкер қатысуға ниет білдірді. 1-мамырға дейін бұл көрсеткіш алға жылжиды, - дейді Г.Таӊатова.

Айта кетейік, облыстық кәсіпкерлер палатасы ҚР Президентініӊ "Алтын сапа" сыйлығы мен "Қазақстанныӊ үздік тауары" көрме-байқауыныӊ ережесін жариялаған болатын. Байқауға заӊды тұлғалар, дара кәсіпкерлер қатыса алады. "Алтын сапа" сыйлығы бойынша қатысушылар комиссияға кемiнде үш жыл iшiнде шығарылатын өнiмнiӊ немесе көрсетiлетiн қызметтiӊ жоғары сапасын растауы тиiс. Үміткерлер байқауға "Өндiрiстiк мақсаттағы үздiк кәсiпорын", "Халық тұтынатын тауарларды шығаратын үздiк кәсiпорын" және "Қызметтер көрсететiн үздiк кәсiпорын" номинациясы бойынша қатыса алады. Сондай-ақ, әр номинация бойынша шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектісі санаттары бойынша сыйлық беріледі. Ал, "Қазақстанныӊ үздік тауары" көрме-байқауы "Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар", "Халық тұтынатын үздік тауарлар" және "Үздік азық-түлік тауарлары сияқты үш номинация бойынша жүргізіледі.

"Қазақстанныӊ үздік тауары" облыстық көрме-байқауына құжаттар 1-мамырға дейін, ал "Алтын сапа" сыйлығына құжаттар 1-шілдеге дейін қабылданады.

"Алтын сапа" және "Қазақстанныӊ үздік тауары" республикалық көрме-байқаулары жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. "Атамекен" ҰКП шараны биыл үшінші рет ұйымдастыруда. Дәстүрлі байқаулар - отандық тауар өндірушілерді қолдау аясында мемлекетімізде жасалып жатқан бірден-бір үлкен шара. Жыл сайын біздіӊ өӊірден де жергілікті тауар өндірушілер қатысып, жақсы жетістіктерге қол жеткізуде. Өткен жылы аймақта ұйымдастырылған шараға 30-ға жуық кәсіпкер қатысқан болатын. Үш номинация бойынша ұйымдастырылған байқауда бірінші дәрежелі дипломмен "Кемикал" Қазақстан Мұнай химиясы Компаниясы" ЖШС, ЖК "Құрбанбаев", "Сыр маржаны" ЖШС марапатталса, екінші дәрежелі дипломға "NP-Consulting" ЖШС, ЖК "Тұрғынбаев Табиғат", "Браунис-Қазақстан" ЖШС ие болды. Ал үшінші дәрежелі дипломға ЖК "МСК", ЖК "Жұмашева Индира", ЖК "Сабыр Ермаханов" лайық деп танылған болатын.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны