25.05.2017, 15:35 5660

Қызылордада ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлердіӊ біліктілігін арттыру басталды

"Атамекен" ҰКП жанынан құрылған "Агробіліктілік орталығы" ЖШС Қызылорда облысыныӊ кәсіпкерлер палатасымен бірге ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлердіӊ кәсіби біліктілігін көтеру мақсатында биыл да оқу-семинарларын бастады.

Қызылорда. 25 мамыр. Kazakhstan Today - "Атамекен" ҰКП жанынан құрылған "Агробіліктілік орталығы" ЖШС Қызылорда облысыныӊ кәсіпкерлер палатасымен бірге ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлердіӊ кәсіби біліктілігін көтеру мақсатында биыл да оқу-семинарларын бастады.

Биыл облыс бойынша өсімдік және мал шаруашылығы бағыттары бойынша 8 базалық шаруашылықта семинарлар өткізу жоспарлануда.

Алғашқы семинар Қазалы ауданына қарасты Қожабақы ауылында құрылған "Кішкене Ата" ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативініӊ базасында өткізілді. Өсімдік шаруашылығы саласында өткен шарада ауыл азаматары көкөніс және бақша дақылдарын өсіруде қолданылып жатқан жаӊа технологиялармен таныс болды. Семинарды жүргізген "Ы. Жақаев атындағы күріш шаруашылығы ҒЗИ" ЖШС-ніӊ ғылыми қызметкерлері Қанағат Бегалиев пен Жанұзақ Байманов саладағы су үнемдеуіш технологияларыныӊ ерекшеліктерін айтып берді.

Көӊіл қуантарлығы, қазір ауылдағы шаруашылықпен айналысатын ағайын бірігіп іс қылғанда ғана өнімді тірлік болатынына көздері жетіп, кооперативтерге бірігуде. Жоғарыда аталған семинарға аудан бойынша құрылған бірқатар кооператив мүшелері қатысып, жаӊалықтармен бөліскені үшін ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Айта кету керек, алдағы уақытта мұндай шаралар "Ы. Жақаев атындағы күріш шаруашылығы ҒЗИ" ЖШС-де, Жалағаш ауданындағы "Байтабын" серіктестігінде және және Шиелідегі "Ақмая" шаруа қожалығында өткізіледі.

"Шиелі төрт түлігі" АӨК, Жаӊақорған ауданындағы "Бақытжан" ШҚ, "Миялы" АӨК, Сырдария ауданындағы "Ақжарма инвест" АӨК-де мал шаруашылығы мал шаруашылығына қатысты семинарлар ұйымдастырылады.

Ауыл шаруашылығы тауарөндірушілеріне арналған шара туралы Кәсіпкерлер палатасыныӊ сарапшысы Алма Пірманова: "Семинарларда шетелдік және отандық сарапшылар теориялық және практикалық дәрістер жүргізеді. Семинарларға қатысу тегін, семинар қорытындысымен ауыл шаруашылық тауарөндірушілеріне сертификаттар беріледі. Семинарларға қатысу үшін облыстық кәсіпкерлер палатасына және аудандық филиалдарға хабарласуға болады", - деді.

Жалпы ауыл шаруашылық тауарөндірушілерге мемлекеттен көрсетілетін қолдаулардыӊ барлық түрлері туралы ақпарат беретін "Атамекен" ҰКП байланыс орталығыныӊ 8-8000808010 нөмірі іске қосылып, қоӊырауларды қабылдауға дайын.

Онлайн өтініш беру үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге арналған fermers.kz веб-порталы жұмыс істейді.

Сұрақтар бойынша Кәсіпкерлер палатасыныӊ сарапшысы Алма Пірмановаға хабарласуға болады. 8 /7242/ 40-09-81.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасыныӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны