29.06.2017, 11:14 6501

Қызылордада ауылшаруашылығы кооперативтері дамып келеді

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрініӊ бірінші орынбасары Қайрат Айтуғанов кеше Қызылорда облысына жасаған сапары аясында бірқатар ауылшаруашылығы өндірістік кооперативтерініӊ жұмысымен танысты.

Қызылорда. 29 маусым. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрініӊ бірінші орынбасары Қайрат Айтуғанов кеше Қызылорда облысына жасаған сапары аясында бірқатар ауылшаруашылығы өндірістік кооперативтерініӊ жұмысымен танысты.

Вице-министр Сырдария ауданындағы "Ақжарма и К" шаруашылығында болып, кооператив жұмысына оӊ бағасын берді. 2013 жылы егін және мал шаруашылығы өнімдерін өндіру бағытында құрылған мекеме құрамында "Ақжарма Инвест" және "Ақжарма Агро" ауылшаруашылығы өндірістік кооперативтері тұрақты жұмыс істеуде. Етті қайта өӊдеу және консервілеу мен егін шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын кооперативтер мемлекеттік қолдаудыӊ арқасында ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтып келеді.

Мұнан кейін Қайрат Қаппарұлы "Ақжарма и К" шаруа қожалығыныӊ "Нұрлы жол" сервистік қызмет көрсету орталығында болды. Батыс Қытай - Батыс Еуропа автодәлізі бойында орналасқан нысанда 20 орындық қонақүй мен 40 орындық асхана қызмет көрсетуде. Сонымен қатар мұнда техникалық жөндеу орталығы, дүкен, дәріхана мен шаштараз бар.

Қайрат Айтуғанов, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрініӊ бірінші орынбасары:

- Бүгін Қызылордадағы бірқатар кооперативтерді аралап шықтық. Аудандарда іске асырылып жатқан Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудыӊ 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасындағы бірінші мәселе - жеке қожалықтардыӊ басын қосып, кооперативтер құру болатын. Осы жылы Қызылорда облысында жоспар бойынша 19 кооперативті іске қосу керек болса, қазір, міне, жарты жылдыӊ өзінде-ақ 27 кооператив ашылған. Бұл ретте, аймақтағы кооперативтердіӊ жоғары деӊгейде дамып жатқандығын көріп отырмыз. Қазір, міне, мал бордақылау алаӊы мен сүт қабылдау бекеті ашылды. Сонымен қатар кездесу барысында кооператив төрағалары облыс орталығына жақын аудандарға Ресейден шағын зауыттар әкеліп, онда қаймақ пен ірімшік шығару туралы жоспарларымен бөлісті. Облыста ашылған коперативтердіӊ оӊ нәтижесін күзде көретін боламыз. Жұмыстардыӊ басталғанына аз уақыт өткеніне қарамастан, бүгінгі күні бағдарлама халық арасында үлкен сұранысқа ие болуда.

Мұнан өзге, Қызылорда облысына жасаған сапары аясында Қайрат Айтуғанов "Жан-Арай" ЖШС-ніӊ жем шығару зауытыныӊ және "Көксу" жеке шаруашылығыныӊ жұмысымен танысты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны