15.01.2008, 15:28 2308

Қызылордада электр қуатының бағасы көтерілмейді

Қызылордада электр қуатының бағасы көтерілмейді

Алматы. 15-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қызылордада электр қуаты бағасының жоспарланған көтерілуі болмайды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Шығысэнерготрейд" ЖШС сілтеме жасай отырып.

Бұдан бұрын "Шығысэнерготрейд" ЖШС 2008 жылдың 6-қаңтарынан бастап электр қуатының бағасы ҚҚС есептемегенде 7,19 теңгеге дейін өсіруді, осылайша электр қуатының бағасын және жол шығынын өтеуді жоспарлаған еді. "Шығысэнерготрейд" ЖШС шығындарының негізгі бөлігі (90%) электр қуатын сатып алу мен жеткізуге жұмсалады. Баға көтерілгенде компанияның жабдықтаушылық үстеме ақысы бұрынғы деңгейінде қала берер еді", - деді компания өкілдері.

Алайда, Қызыорда облысы әкімшілігінің ықпал етуімен және тікелей қолдауымен баға бұрынғы деңгейінде сақталады, деп көрсетілген хабарламада.

Компания сондай-ақ, қала тұрғындарына электр қуатын таратуды шектеудің бастамашылары емес екендіктерін жеткізді. Бұл шараны қуат тарататын ұйым - "КРЭК" АҚ қолданып отыр. Бұл электр тарату кезінде өздерінің техникалық шығындарын жаба алмау салдарынан туындап отырған шара.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны