05.02.2014, 20:56 22477

Қызылордада қала құрылысының кадастры мәселесі талқыланды

Қызылорда қаласында Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрі Болат Жәмішевтің қатысуымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының бірыңғай жүйесін қалыптастыру мәселесі бойынша селекторлық кеңес өтті. Аталған жүйе облыстарда РМК пен филиалдар құруды көздейді.

Алматы. 5 ақпан. Kazakhstan today. Қызылорда қаласында Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрі Болат Жәмішевтің қатысуымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының бірыңғай жүйесін қалыптастыру мәселесі бойынша селекторлық кеңес өтті. Аталған жүйе облыстарда РМК пен филиалдар құруды көздейді.

Өңірлік даму министрлігінің хабарлағанындай, кеңестің жұмысына осы мәселеге жетекшілік ететін әкімдердің орынбасарлары, өңірлердегі сәулет және қала құрылысы басқармаларының, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты.

Кеңесті ашқан Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев қала құрылысы кадастрын барлық деңгейде жүргізу мәселесінің өзектілігін атап өтті. Қала құрылысы кадастрының негізгі мақсаты қала құрылысы саласында жалпыға қолжетімді электрондық деректер базасын құру және кадастрды жүргізу процесін, қала құрылысы деректерінің мұрағатын автоматтандыру, кадастр саласындағы мамандардың жұмысын оңтайландыру, сондай-ақ, пайдаланушылардың сұранымдарына жедел жауап беру және қала құрылысы құжаттамасын беру болып табылады.

Кадастрдың қазақстандық жүйесін үш деңгейге бөлуге болады: республикалық - республика аумағы; облыстық - республикалық деңгейдегі облыстар және қалалар аумақтары; базалық - әкімшілік аудандар, облыстық орталықтар және елді мекендер.

Республикалық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастры 2012 жылғы қазанда тәжірибелік пайдалануға берілген. Онда сәулет-қала құрылысы қызметін сипаттайтын қала құрылысы регламенттері, картографиялық және атрибутивті мәліметтер жинақталған.

Сондай-ақ, Қарағанды және Қызылорда облыстарының тәжірибесінде төменгі деңгейлермен өзара іс-қимыл жөніндегі пилоттық жоба іске асырылды. Осы жоба шеңберінде Қала құрылысы кадастрының Жер кадастрымен ақпараттық өзара іс-қимылы жүзеге асырылды.

Жергілікті атқарушы органдарға жер кадастрының деректерін ұсыну құрылыс үшін және басқа мақсаттарда жер учаскелерін бөлу, ресімдеу және беру кезінде қажет.

"Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесімен, "Заңды тұлғалар" және "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер базасымен интеграциялау жүргізілді.

Республикалық деңгейде орталық мемлекеттік органдарға қала құрылысы кадастрымен интеграцияланған салалық кадастрлар мен жүйелердің тақырыптық базалары бойынша ақпарат ұсынылатын болады.

Облыстық және негізгі деңгейлерде Бас жоспарға, егжей-тегжейлі жобалау жоспарына, құрылыс салу схемасына сәйкес елді мекендердің аумағында жер учаскелерін пайдалану мүмкіндіктерін анықтау; мекенжай анықтамасын беру; тас жолдар және инженерлік желілердің орналасу схемаларын ұсыну; мемлекеттік және әлеуметтік-мәдени маңызы бар объектілерді жобалау, салу және пайдалануға беру сатысынан өту рәсімдері туралы ақпараттарды ұсыну бойынша қызмет көрсету жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық геоақпараттық жүйесінде мемлекеттік Жер және Қала құрылысы кадастрларының өзара іс-қимылы мүмкіндігін көздеу шешілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны