28.12.2012, 12:38 3477

Қызылордада мұнай өңдеу зауыты салынады

Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесуінде облысы әкімі Болатбек Қуандықов хабарлады.

Қызылорда. 28-желтоқсан. Kazakhstan Today - Қызылордада мұнай өңдеу зауыты салынады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесуінде облысы әкімі Болатбек Қуандықов хабарлады.

"Қызылорданың қойнауынан өндірілетін мұнай шикізат ретінде еліміздің өзге аймақтарына жөнелтіледі. Сондықтан жақында кәсіпкерлермен өткен кездесу барысында облыста мұнай өңдеу зауытын салу мәселесі көтерілді. Қазір болашақ зауыттың бірнеше жобасы дайындалды. Жылына 500 мың тонна өнім өндіретін қуаты бар зауыт жобасы мен 50-ден жүз мың тоннаға дейін өнім өндіретін зауыт жобасы әзірленуде. Жай ғана өндіріс орны емес, осы заманғы технологиялар қолданылатын зауыт салынады", - деді облыс басшысы.

"Сонымен қатар "ҚазГеология" компаниясымен меморандум жасалып, Қызылорда облысының жер қойнауын зерттеу мәселесі келісілді. Арал ауданында мұнай ғана емес, металдардың да мол қоры бар деген мәлімет бар. Егер ол расталса, инвестор табылады. Біздің оларға қоятын талабымыз - өнімді өндірумен шектелмей, дайын өнім шығарып, оны сату. Мемлекет басшысы алдағы уақытта игерілетін кен орындарының барлығында қайта өңдеу мәселесінің ескерілуі қажеттігін атап көрсетті. Біз осы тапсырманы орындаудамыз",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны