06.04.2017, 16:15 5979

Қызылордада облысы Қармақшы ауданында тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілер саны 2989-ды құрап отыр

Қазіргі уақытта Қызылорда облысына қарасты Қармақшы ауданында тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілер саны 2989-ды құрап отыр, оныӊ шінде 2411 белсенді кәсіпкерлік субъектілер болып табылады. Шағын кәсіпкерлік саласы бойынша бүгінде 6 мыӊнан астам адам жұмыспен қамтылған.

Қызылорда. 6 сәуір. Kazakhstan Today - Қазіргі уақытта Қызылорда облысына қарасты Қармақшы ауданында тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілер саны 2989-ды құрап отыр, оныӊ шінде 2411 белсенді кәсіпкерлік субъектілер болып табылады. Шағын кәсіпкерлік саласы бойынша бүгінде 6 мыӊнан астам адам жұмыспен қамтылған.

Жас кәсіпкер Алиева Жұлдыз 2016 жылы "Микробизнес Қызылорда" бағдарламасы шеӊберінде "Қызылорда" Өӊірлік инвестициялық орталығы" ЖШС-нен 10,0 млн теӊге несие алып, "Мерекелік шаралар ұйымдастыру студиясын" ашты. Отбасылық бизнес негізінде іске асырылған бұл жоба қазіргі таӊда Жосалы кентінде той салоны, лимузин жалдау, қалыӊдық киімін жалға беру сияқты қызмет түрлерімен келеді.

Ал, Муслимов Айбек 2016 жылы "Микробизнес Қызылорда" бағдарламасы шеӊберінде "Қызылорда" Өӊірлік инвестициялық орталығы" ЖШС-нен 6,0 млн теӊге несие алып, Жосалы кентінен сұлулық салонын ашып кәсібін дөӊгелетіп отыр. Бұл сұлулық салоныныӊ қызметкерлері осы сала бойынша қайта даярлау курстарынан өтіп, жұмысқа алынған.

Жеке кәсіпкер Елубаев Имит 2016 жылы пластик цехын жабдықтауға құрал жабдық және жүк тасығыш "Газель" автокөлігін алуға "Микробизнес Қызылорда" бағдарламасы шеӊберінде "Қызылорда" Өӊірлік инвестициялық орталығы" ЖШС-нен 5,0 млн теӊге несие алған. Ол 2000 жылдан бері ағаш өӊдеумен айналысып келеді. Ағаш өӊдеу цехында есік, терезе тағы сол сияқты ағаштан жасалатын тұрмысқа қажетті бұйымдар жасап, аудан тұрғындарыныӊ сұранысын өтеп келеді. Қазіргі заман талабына сай, пластик есік-терезе шығаруды қолға аған кәсіпкер ұсынылған бағдарлама шеӊберінде жеӊіл пайызды несиеге қол жеткізіп жобасын іске асырды. Қазір цехта 8 адам жұмыспен қамтылған. Несие алып, кәсібін өрге жүргізген қызылордалықтардыӊ нәтижелі жұмысыныӊ бір көрінісі осы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны