04.04.2017, 20:21 4810

Қызылордада шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері талқыланды

Бүгін Қызылордада облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтыӊ төрағалығымен шағын және орта бизнесті дамыту мәселелеріне арналған жиын өтті.

Қызылорда. 4 сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін Қызылордада облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтыӊ төрағалығымен шағын және орта бизнесті дамыту мәселелеріне арналған жиын өтті.

Жиынды аша отырып, аймақ басшысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ 31 қаӊтардағы халыққа Жолдауында 2050 жылға дейін ІЖӨ-дегі шағын және орта бизнестіӊ үлесін 50 пайызға дейін ұлғайтуды тапсырғандығын атап өтті.

"Осы міндеттерді іске асыру мақсатында облысымызда жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін бірыӊғай өӊірлік Жол картасын әзірледік. Оныӊ басты мақсаты - барлық кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған үкіметтік және өӊірлік бағдарламаларды біріктіріп, оларды тиімді пайдалану болып табылады",- деді облыс әкімі.

Қызылорда қаласында шағын және орта бизнесті дамыту бойынша ұсыныстар мен Жол картасыныӊ мүмкіндіктері туралы облыс әкімініӊ орынбасары Евгений Ким баяндама жасады.

"Мүдделі мемлекеттік органдармен және қаржы институттарымен бірлесіп кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудыӊ барлық мүмкіндіктерін қарастыра отырып, Қызылорда қаласыныӊ экономика секторлары бойынша негізгі ерекшеліктерін айқындап, барлық индикаторларды әкімдіктегі ахуалдық орталыққа жүктедік. Енді біз ауыл әкімдерініӊ жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша қай деӊгейде жұмыс жасап жатқандығын анық бақылап отыра аламыз",- деді Ким.

Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қызылордалықтарды кәсіпкерлікке тарту бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Отырысты қорытындылаған Қырымбек Көшербаев Қызылорда қаласы мен қалаға қарасты елді мекендердіӊ әкімдеріне бірқатар нақты тапсырмалар берді. Естеріӊізге сала кетейік, шағын және орта бизнесті дамыту бойынша көшпелі отырыстар осыған дейін облыстыӊ барлық аудандарында өткізілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны