18.05.2017, 14:39 4412

Қызылордада түзеу мекемесінде өндіріс орны іске қосылды

Облыс прокурорыныӊ аға көмекшісі Мейрамхан Ибрашевтіӊ айтуынша осындай шаралар арқасында "Байсер кірпіш зауыты" ЖШС ЗК-169/4 қоныс-колониясында кірпіш шығаратын өндіріс орнын іске қосып, жазасын өтеп жатқан 40 азамат жұмыспен қамтылған.

Қызылорда. 17 мамыр. Kazakhstan Today - "Колониядағыларды жұмыспен қамту-2017" жобасын іске асыруда қылмыстық атқару жүйесініӊ жұмысын үйлестіру мен қадағалауға прокуратура органдары барынша назар аударып келеді.

Осы бағытта Қызылорда облыстық прокуратура өӊірдегі сотталғандардыӊ жұмыспен қамтылу жағдайына орай ҚАЖД-не прокурорлық ықпал ету актілері енгізді. Жергілікті атқарушы және құзырлы мемлекеттік органдарға ақпараттар жолдады. Сотталғандарды жұмыспен қамтуда облыс әкімдігі жанындағы Консультатитвтік-кеӊес органыныӊ құзыры пайдаланылды.

Облыс прокурорыныӊ аға көмекшісі Мейрамхан Ибрашевтіӊ айтуынша осындай шаралар арқасында "Байсер кірпіш зауыты" ЖШС ЗК-169/4 қоныс-колониясында кірпіш шығаратын өндіріс орнын іске қосып, жазасын өтеп жатқан 40 азамат жұмыспен қамтылған.

Сондай-ақ, қатаӊ режимдегі ЗК-169/5 түзеу мекемесінде де жаӊа өндіріс орындарын ашу жалғастырылды. Осыған орай бұл мекемеде консультативтік-кеӊес органыныӊ отырысы өткізіліп, оған бизнес өкілдері қатысқан болатын.

Отырыста жаӊа өндіріс орындарын, оныӊ ішінде кірпіш зауытын іске қосу туралы шешімдер қабылданды.

Жуырда мекемеде кірпіш зауыты іске қосылып, 31 сотталған жұмыспен қамтылды,- деп хабарлайды Қызылорда облыстық прокуратурасыныӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны