17.05.2017, 14:39 4083

Қызылордадағы шыны зауытыныӊ құрылысын аяқтау туралы келісімге қол қойылды

"Orda Glass" ЖШС мен қытайлық China Triumph International компаниясы арасында Қызылордадағы шыны зауытыныӊ құрылысын аяқтау туралы келісімге қол қойылды.

Қызылорда. 17 мамыр. Kazakhstan Today - "Orda Glass" ЖШС мен қытайлық China Triumph International компаниясы арасында Қызылордадағы шыны зауытыныӊ құрылысын аяқтау туралы келісімге қол қойылды.

Келісімге сәйкес серіктестік негізінде Қызылордадағы шыны зауытыныӊ құрылысын аяқтау көзделіп отыр, деп хабарлайды "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамыныӊ баспасөз қызметі.

Пекинде қол қойылған келісім рәсіміне Қазақстаннан "Бәйтерек" мемлекеттік холдингініӊ басқарма төрағасы Ерболат Досаев қатысқан.

China Triumph International Қытайдағы ұлтық жобалау мен зерттеу, инженерлік жобаларды басқару саласындағы үздік 50 компанияныӊ қатарында тұр.

Жарты жыл бұрын шыны зауытына қатысты дау шығып, "Бәйтерек" холдингініӊ бұрынғы басшысы Қуандық Бишімбаев тұтқындалған болатын. Сол кезде Ұлттық экономика министрі қызметін атқарып жүрген оған құрылыс кезінде бір миллиард қаржыны қолды қылды деген айып тағылған еді.

Кейіннен жоба бойынша жұмыс істеп жатқан жұмысшыларға 4 айдай жалақы төленбегендігі де белгілі болды.

Шыны зауытына қатысты мәселеге сол тұста Инвестиция және даму вице-министрі болған Альберт Рау да түсінік берген еді. Ол көп қаржы жұмсалған жобаныӊ аяқсыз қалмайтынын айтқан болатын.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны