03.01.2018, 14:08 6558

Қызылордалық 400 әскери қызметкер Тұрғын үй құрылыс жинақ банкініӊ салымшысы атанды

2018 жылдан бастап Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ("Бәйтерек" холдингініӊ еншілес ұйымы) әскери қызметкерлерге арналған жаӊа өнімді ұсынуды жоспарлап отыр. Искери мамандар бюджеттен тұрғын үйді жалға алу үшін алатын тұрғын үй төлемдерін пайдаланып, баспаналы бола алады.

Қызылорда. 3 қаӊтар. Kazakhstan Today - 2018 жылдан бастап Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ("Бәйтерек" холдингініӊ еншілес ұйымы) әскери қызметкерлерге арналған жаӊа өнімді ұсынуды жоспарлап отыр. Искери мамандар бюджеттен тұрғын үйді жалға алу үшін алатын тұрғын үй төлемдерін пайдаланып, баспаналы бола алады. Банктіӊ Қызылорда облыстық филиалы қызметініӊ жыл қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихаты барысында филиал директоры Иділжан Сәулебаев осы және басқа да деректер туралы айтып өтті.

- Біз бұл жобаныӊ болашақта үлкен сұранысқа ие болатынын көріп отырмыз. Себебі аталған бағдарлама туралы айтыла бастаған кезден бастапбір-екі айдыӊ ғана ішінде 400-дей әскери қызметкер банкіміздіӊ салымшысы атанып үлгерді, - дейді Иділжан Сәулебаев.

Жаӊа модель қай жағынан алсаӊ да тиімді болмақ. Біріншіден, тұтынудан қаражат сақтап, ақша жинауға көшуге мүмкіндік береді, себебі әскери және арнайы орган қызметкерлері тұрғын үй төлемдерін баспаналы боламын деп жинай бастайды.

Екіншіден, жаӊа механизмніӊ арқасында бюджет шығындары әскери қызметкерлердіӊ баспаналы болуы үшін жұмсалады, ал қазір ол қаражат жалға берушілердіӊ қалтасына кетіп жатыр.

Үшіншіден, әскери қызметкерлерді несиелендіру бір өнім аясында жүзеге асырылатын болады. Яғни тұрғын үй төлемдерін алушылар мен тұрғын үй төлемдерініӊ көлемі бір орталықтандырылады, республикалық бюджеттен бөлінетін ақшаныӊ қалай пайдаланылып жатқандығы ашық жүреді.

- Жаӊа өнімге сәйкес әскери қызметкерлер жаӊа үйді де, қайталама нарықтағы жылжымайтын мүлікті де сатып ала алатын болады. Заем бойынша сома шектеуі жоқ. Жинақ көлемі немесе алғашқы жарна неғұрлым үлкен болса, заем сомасы да соғұрлым жоғары болады, - деп түсіндіріп өтті филиал басшысы.

Қазіргі уақытта Қызылорда облысында тұратын 44 045 азамат Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен депозит ашып, оны толықтырып келеді. Олар өз шоттарында жалпы сомасы 13 млрд 306 млн теӊге болатын салымныӊ басын құраған. Сонымен қатар облыстық филиал аяқталып келе жатқан жыл ішінде аймақ тұрғындарына 10 млрд 800 млн теӊгеніӊ займын берген.

2017 жылы қызылордалықтар Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасыныӊ аясында "Арай-3" ықшамауданында салынған 14 көпқабатты тұрғын үй мен жеке құрылыс салушы тұрғызған 2 көп қабатты нысандағы пәтерлердіӊ иегерлері атанды.

2018 жылдыӊ қаӊтар айында "Өз үйім" бағдарламасы бойынша "Арай-3" ықшам ауданында 2 көпқабатты тұрғын үй қолданысқа берілмек. Бағдарлама талабы бойынша тұрғын үй құныныӊ 30 пайызын жинақтау қажет. Бұл нысанныӊ 1 шаршы метрініӊ бағасы бұрын 140 мыӊ теӊгені құраған еді. Қазір арзандатылып 120 мыӊ теӊгеге ұсынылатын болады.

Банк өкілініӊ айтуынша, 2017 жылдыӊ 29 желтоқсаны сағат 18:00-ге дейін депозиттерін толықтырып үлгерген барлық банк клиенттері жыл сайын берілетін мемлекеттік сыйлықақы ала алады.

- Қазір Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымдар бойынша 13,3%-ға дейін баратын еӊ тиімді мөлшерлеме ұсынып отыр. 2%-дық негізгі мөлшерлемесі бар депозит бойынша мұндай табыс дәл осы 20% көлеміндегі мемлекеттіӊ сыйлықақысы есебінен қалыптасады. Ол 200 айлық есептік көрсеткіштен, басқаша айтқанда 453 800 теӊгеден аспайтын сома бойынша есептеледі. Яғни жыл бойы біздіӊ клиент осындай сома жинаса не оны бірден шотына салса, 2017 жылдыӊ қорытындысы бойынша 90 760 теӊгеге теӊ еӊ үлкен сыйлықақыны алады, - атап өтті Иділжан Сәулебаев.

***

"Қазақстанныӊ тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ - еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкініӊ жалғыз акционері - "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны