16.07.2014, 22:34 3343

Қызылордалық кәсіпкерлер 30 млн теңге көлемінде мемлекеттік қолдау алды

Қызылорда облысындағы Өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысында кәсіпкерлердің 30 млн теңгелік 2 жаңа жобалары мақұлданды, - деп хабарлайды "Даму" қоры.

Алматы. 16 шілде. Kazakhstan today. Қызылорда облысындағы Өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысында кәсіпкерлердің 30 млн теңгелік 2 жаңа жобалары мақұлданды, - деп хабарлайды "Даму" қоры.

Екі компанияға осы несиелер бойынша пайыздық үстемесін субсидиялау мен несие беруге арналған Қордың кепілдігі ұсынылады.

"Ақмарал" ЖШС алынған несиеге Қызылордадағы балабақшалар санын арттыруды, ал "Исем Тіс" ЖШС стоматологиялық клиника ашуды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар облыста Қаршыға Есдәулетова жеке кәсіпкерлігі мен "Terios" ЖШС-мен үшжақты екі келісімді кепілдендіруге қол қойылды.

Кәсіпкерлр мемлекеттік қолдаудың көмегімен 11 жаңа жұмыс орны ашылатын қонақ үй ашуға ниеттеніп отыр. "Даму" қоры несие құнының 25 пайызын кепілдендіріп береді. Бұл өз кезегінде банк алдындағы кепілдіктің жетпеген құнын жабуға мүмкіндік береді.

Ал Қармақшы ауданы бизнесмені, "Terios" ЖШС директоры Алмас Балғабековке бастауыш кәсіпкер ретінде "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасының "Даму Start-Up" жобасы аясында қор тарапынан 70 пайыздық кепілдік ұсынылды. Кәсіпкер аталмыш қаражатқа өзінің кәсіпкерлігіне қажетті құрылғыларды сатып алмақшы. Аталмыш құрылғылар құрылыс компанияларында үлкен сұранысқа ие көрінеді.

Оның өндірісі Жосалы ауылында жұмыс істеп, жергілікті 10 тұрғынға жұмыс ұсынбақ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны