30.05.2014, 20:47 3282

Қызылорданың инфрақұрылымын дамытуға 17 млрд теңге бөлінді

Облыс әкімдігінен хабарлағандай, Қызылорда қаласының инфрақұрылымын дамытуға 17 миллиард теңге қаржы бөлінді.Сондай-ақ, облыс орталығында өңірлік және республикалық индустрияландыру картасында 23 млрд. теңгенің 8 инвестициялық жобасы іске асырылуда.

Алматы. 30 мамыр. Kazakhstan today. Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен өткен кеңесте облыстық орталықтың даму сұрақтары талқыланды.

Облыс әкімдігінен хабарлағандай, Қызылорда қаласының инфрақұрылымын дамытуға 17 миллиард теңге қаржы бөлінді.

Жуық арада, "Қорқыт Ата" әуежайында халықаралық талаптарға сай терминалдың құрылысы басталады.

Аймақ басшысы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде елді мекендерінің әлеуеті жеткілікті екендігін атап өттіп, осы елді мекендерде азық-түлік белдеулерін ұйымдастыру қажеттігін айтты.

Сондай-ақ, облыс орталығында өңірлік және республикалық индустрияландыру картасында 23 млрд. теңгенің 8 инвестициялық жобасы іске асырылуда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны