14.12.2018, 21:29 5322

Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Теміртау-Астана бағыты бойынша ұзындығы 1061 км болатын "Сарыарқа" газ магистралініӊ 1-ші кезеӊі іске қосылды

Сондай-ақ, Президент онлайн режимде республика тарихындағы алғашқы концессиялық жоба - Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы құрылысыныӊ барысын бақылады. Онда 3 мыӊға жуық жұмыс орны ашылады. Сонымен қатар, Президент Батыс Қазақстан облысындағы елімізді Ресеймен және Шығыс Еуропамен байланыстыратын Орал-Тасқала автожолы учаскесінде автокөлік қозғалысын ашты.

Астана. 14 желтоқсан. Kazakhstan Today - Астанада Индустрияландыру күні аясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ қатысуымен "Индустрияландырудыӊ екінші бесжылдығы: Қазақстанда жасалған" телекөпірі өтті. Онлайн режимде бірқатар индустриялық, инфрақұрылымдық, аграрлық және цифрлық жобалар іске қосылды.

Телекөпір аясында Қазақстан Президенті "Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны" мен Қарағанды облысыныӊ катодты мыс өндіретін "Алмалы" кен орнындағы құрылысы аяқталған және өндіріс қуатына шығуға дайын "Sary-Arka Copper Processing" кәсіпорынын іске қосуға пәрмен берді.

Машина жасау және құрылыс индустриясы саласында Қазақстан президенті Павлодар облысындағы "Проммашкомплект" темір жол доӊғалақтарын өндіретін кәсіпорынды онлайн-режимде іске қосты. Ол теміржол доӊғалақтары өндірісін жылына 75 мыӊнан 200 мыӊға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Елбасы Шымкенттегі қуаты 110-220 кв трансформатор шығаратын "Asia Trafo" зауытын, Қызылорда облысындағы қуаты жылына 1 млн тонна болатын "Гежуба Шиелі Цемент" Қазақстан-Қытай инвестицялық жобасын іске қосты.

Мемлекет басшысы телекөпір аясында сондай-ақ, Алматыдағы қуаты жылына 550 мыӊ тонна қоқыс өӊдейтін "Green Recycle" ЖШС кешенін және Петропавлдағы қажетті халық тұтынатын тауарлар мен полимерлерді толық циклда қайта өӊдейтін "Радуга" ЖШС металл пластикалық бұйымдар зауытын іске қосты.

Телекөпір барысында "KEGOC" АҚ 500 килоВольттық "Семей-Ақтоғай-Талдықорған-Алматы" желісін іске қосты, сондай-ақ Ақтөбе облысында қуаты 300 млн. м3 болатын Қожсай кен орнында "Gas Processing Company" ЖШС ілеспе мұнай газын қайта өӊдеу жобасы жұмыс істей бастады.

"Баламалы энергетика" саласында "Samruk Kazyna - United Green" ЖШС Жамбыл облысында қуаты 100 МВт болатын Қазақстан-Британ бірлескен жобасы - "Бурное" күн электр станциясын пайдалануға берді. Сонымен қатар, Маӊғыстау облысыныӊ Түпқараған ауданындағы "KТ Редкометальная компания" ЖШС бірлескен кәсіпорны жел энергетикасыныӊ бірінші кезеӊі іске қосылды (43,6 МВт) (1-кезеӊ).

Телекөпір барысында аграрлық сектор бойынша заманауи қондырғылармен жабдықталған "Карат" ЖШС (Атырау облысы) автоматтандырылған диірмені, қуаты жылына 50 000 тонна ет өндіретін соӊғы жылдары аграрлық саладағы ірі жобалардыӊ бірі Макинск (Ақмола облысы) құс фабрикасыныӊ бірінші кезеӊі, сондай-ақ, Арқалық қаласындағы ет өӊдейтін "Торғай Ет" ЖШС кешені пайдалануға берілді.

Бұдан бөлек, тамақ өнеркәсібі саласында Mareven Food Holdings трансұлттық холдингі Алматы облысында ұнды тереӊ өӊдейтін және тамақ өнімдерін дайындайтын зауыт салды.Түркістан облысында түйе мен бие сүтін өӊдейтін "Golden Camel Group LTD" ЖШС кәсіпорны іске қосылды. Онда құрғақ сүт, балалар тағамы және энергетикалық сусындар әзірленеді.

Телекөпір барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "5 әлеуметтік бастаманыӊ" бірі ретінде Астананы газдандыру жобасындағы Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Теміртау-Астана бағыты бойынша ұзындығы 1061 км болатын және жылына 2,2 миллиард текше метр газ өткізу мүмкіндігі бар "Сарыарқа" газ магистралініӊ 1-ші кезеӊін іске қосуға пәрмен берді.

Сондай-ақ, Президент онлайн режимде республика тарихындағы алғашқы концессиялық жоба - Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы құрылысыныӊ барысын бақылады. Онда 3 мыӊға жуық жұмыс орны ашылады. Сонымен қатар, Президент Батыс Қазақстан облысындағы елімізді Ресеймен және Шығыс Еуропамен байланыстыратын Орал-Тасқала автожолы учаскесінде автокөлік қозғалысын ашты.

"Цифрлы Қазақстан" бағдарламасын іске асырудыӊ арқасында Шығыс Қазақстан облысыныӊ Озерка ауылы мен Жамбыл облысына қарасты Өрнек ауылыныӊ тұрғындары кеӊ жолақты интернетке қол жеткізді. Цифрландыру аясында Екібастұзда Орталық Азиядағы еӊ ірі дата-орталық, Қостанайда еліміздегі еӊ цифрлы диірмен кешені - "Бест Костанай" ЖШС іске қосылды. Астанада модем, коммутатор және автоматты цифрлы телефон станциясын өндіретін "DigitalSystemServis" ЖШС зауыты құрылды. Алматыда прибор жасау және радиоэлектроника инновациялық "Kaz Tech Innovations" ЖШС зауыты іске қосылды.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы жүк әуе тасымалы саласында e-Freight және "Қазпошта" компаниясыныӊ фулфилмент-орталық қағазсыз құжат айналым ақпараттық жүйесініӊ жұмысын, "ҚазТрансОйлдыӊ" мұнай тасымалдауды басқару digital-жүйесін іске қосты.

Индустрияландыру бағдарламасы іске асырылған жылдары барлығы 6,6 трлн. теӊгеден астам соманыӊ 1 148 жобасы іске қосылып, 107 мыӊ тұрақты жұмыс орны ашылды. Соныӊ ішінде индустрияландырудыӊ бірінші бесжылдығында (2010 - 2014 жылдар) Индустрияландыру картасы аясында 3 трлн. теӊгеніӊ 770 жобасы іске қосылып, 76 мыӊ тұрақты жұмыс орны ашылды.

Индустрияландырудыӊ екінші бесжылдығы басталғалы (2015-2017 жылдар) 3,1 трлн. теӊгеніӊ 378 жобасы іске қосылып, 31 мыӊ тұрақты жұмыс орны ашылды.

2018 жылы жалпы сомасы шамамен 1,2 трлн. теӊге болатын 100 нысан қатарға қосылып, 13 мыӊ адамға жұмыс берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны