21.06.2010, 13:02 3052

ҚҚ Үкіметі бірқатар шикізаттық тауарлар үшін экспорттық кедендік баж салығын қалпына келтіруді жоспарлауда Мәсімов

"2009 жыл күрделі жыл болды. Шикізаттық секторда жұмыс істейтін компаниялар үшін салық салу көзқарасы тұрғысынан алғанда белгілі бір жеңілдіктер жасалды", - деп еске сала кетті К. Мәсімов.

Астана. 21-маусым. Kazakhstan Today ҚҚ Үкіметі бірқатар шикізаттық тауарлар үшін экспорттық кедендік баж салығын қалпына келтіруді жоспарлауда. Бұл туралы ҚР Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

"2009 жыл күрделі жыл болды. Шикізаттық секторда жұмыс істейтін компаниялар үшін салық салу көзқарасы тұрғысынан алғанда белгілі бір жеңілдіктер жасалды", - деп еске сала кетті К. Мәсімов.

Оның айтуынша, "қазірде шикізаттық ресурстардың бағасы тұрақтанып келеді". "Сондықтан Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, мен Қаржы министрлігіне есеп-қисап жүргізіп, Үкіметтің таяудағы отырыстарының біріне бірқатар шикізаттық тауарлар үшін экспорттық кеден баж салығын қалпына келтіру туралы қаулыны шығару жөнінде тапсырма бердім", деді отырыста Үкімет басшысы.

"Егер бұл шешім қабылданатын болса, 2010 жылдың нақтыланған бюджеті және 2011 жылдың жоспарланған бюджеті экспорттық кедендік баж салығының енгізілетінін ескере отырып жасалады", деді Премьер-Министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны