29.04.2013, 13:21 7176

КҚК тасымалдау көлемі жылына 67 млн куб мұнайға дейін артады

Осы жылы Каспий Құбыр Консорциум жүйесін кеңейткен соң, мұнай тасымалдау көлемдері жылына 60-67 млн куб мұнайға дейін артады, деп хабарлады "ҚазМұнайГаз" АҚ басқарма төрағасы Ләззат Қиынов Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында.

Астана. 29-сәуір. Kazakhstan Today - КҚК тасымалдау көлемі жылына 67 млн куб мұнайға дейін артады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Осы жылы Каспий Құбыр Консорциум жүйесін кеңейткен соң, мұнай тасымалдау көлемдері жылына 60-67 млн куб мұнайға дейін артады, деп хабарлады "ҚазМұнайГаз" АҚ басқарма төрағасы Ләззат Қиынов Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында.

"Біз қазір КҚК жүйесін кеңейтіп жатырмыз. КҚК бүгінде жылына 30-32 млн куб тарта алады, ал кеңейткен соң жылына 60-67 млн куб. Оған қоса, жартысынан көбі - Қазақстанның үлесі", - деді Л.Қиынов.

Бұдан өзге, ҚМГ басшысы ағымдағы жылы Қашаған кен орнында 1,5 бастап 3 млн тоннаға дейін мұнай өндіру жоспарланғанын айтты.

Айта кету керек, 2012 жылдың қортындысы бойынша мұнай мен газ конденсатын шоғырланған шығару 21,4 млн тоннаны құрады, мұнай тасымалдау көлемі, жоспарлы көрсеткішпен салыстырғанда 0,5%-ға артық, газ тасымалдау көлемі - 2,5%-ға, еңбек өнімділігі - 1,4%-ға, жол битумын өндіру көлемі - 9,4%-ға артқан.

Өз алдына, "ҚазМұнайГаз" басқармасының төрағасы берген мәліметтер бойынша табиғи газды тасымалдау көлемі бойынша көрсеткіш 27, 576 млрд куб метрге жеткен.

Қазіргі уақытта ҚМГ жетекшілік ететін Қазақстанның ірі мұнай өңдеу зауыттарында қайта құру және жетілдіру шеңберінде инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Олар аяқталған соң 2016 жылға қарай қайта өңдеудің жылына 19 млн тоннаға дейін артуы жоспарланған. Сонымен қатар, мұнай өңдеудің тереңдігін 90%-ға дейін арттыру, жәнеи автобензинді 6750 мың тоннаға дейін, авиаотынды - 950 мыңға дейін, дизельдік отынды - 5900 мыңға дейін өндіру жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны