26.12.2013, 19:19 3072

ККМ 2014 жылы 2,3 мың км жолды жөндеуден өткізуді жоспарлауда - А. Жұмағалиев

"Министрлік биыл 2200 республикалық маңыздағы жолдарды жөндеген. Соның ішінде Батыс Еуропа - Батыс Қытай дәлізі бойында 5 облыс аумағы арқылы 1853 км жол бойында құрылыс жұмыстары атқарылды. "Біз биыл 806 км жолдағы қозғалысты аштық. Келесі жылғы жоспар бойынша шамамен 180 шақырым жол ашылады. Ал 2015 жылы біз дәлізді толық пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз", - деп атап өтті министр.

Алматы. 26 желтоқсан. Kazakhstan today. Көлік және коммуникация министрлігі 2014 жылы 2,3 мың км жолды жөндеуден өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев мәлімдеді.

"Министрлік биыл 2200 республикалық маңыздағы жолдарды жөндеген. Соның ішінде Батыс Еуропа - Батыс Қытай дәлізі бойында 5 облыс аумағы арқылы 1853 км жол бойында құрылыс жұмыстары атқарылды. "Біз биыл 806 км жолдағы қозғалысты аштық. Келесі жылғы жоспар бойынша шамамен 180 шақырым жол ашылады. Ал 2015 жылы біз дәлізді толық пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз", - деп атап өтті министр.

"Орталық-оңтүстiк, орталық-шығыс маршруттарын дамыту аясында "Астана - Темiртау", "Астана - Павлодар", "Алматы -Қапшағай" жол учаскелерiнде құрылыс жұмыстарын бастадық. Келесi жылы аталған жол учаскелерiндегi жөндеу жұмыстары толық аяқталады.

Сонымен қатар, құрылысқа жаңа технологиялар енгiзу бойынша, "микросюрфейсинг" технологиясын және көпiрлердi салуда полиуретандық тiрек бөлшектерiн қолдана бастадық. Келесi жылдан бастап монолиттi темiр бетонды көпiрлердi саламыз және жылы асфальттi пайдаланамыз", - дедi А.Жұмағалиев.

"Көлiктiк бақылау жүйесiнде рұқсат құжаттарын беру үдерiсiн автоматтандыру бойынша отандық тасымалдаушылар үшiн шетелдiк рұқсат беру жүйесi iске қосылып, нәтижесiнде бланктердi бөлу тәртiпке келтiрiлдi.

Өткен жылы 9 тұрақты бекет жабылып, орнына салмақ өлшеудiң 13 электрондық жүйесi енгiзiлдi. Келесi жылы тағы 18 электрондық таразыны iске қосу жоспарланып отыр. Атап өту керек, 2013 жылы тұрақты бекеттер 200 мыңнан астам автокөлiк құралын тексерсе, 3 электрондық таразы 500 мыңға жуық көлiктi тексеруден өткiзген", - дедi ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны