25.07.2014, 20:16 3989

ККМ: Қазақстанның барлық облысында жол жөнделеді

"Ир облыста жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары соның ішінде. 2017 жылы Астана-Петропавл қозғалысы толықтай жаңартылады. Сонымен қатар Петропавл-Қорған жолы Ресей Федерациясына шықпақ", - дейді.

Алматы. 25 шілде. Kazakhstan today. Былтыр Мемлекет басшысының тапсырмасымен "Орталық-Оңтүстік", "Орталық-Батыс", "Орталық-Шығыс" жобаларын іске асыру басталды. Бұл туралы ОКҚ брифингінде ҚР көлік және коммуникация вице-министрі Мереке Пшембаев жан-жақты баяндады.

М.Пшембаевтың айтуынша, биыл "Орталық-Шығыс" жобасы бойынша Павлодарға дейінгі мердігерлер тізімі толықтай анықталады. Жұмыстар қазіргі таңда басталып кетті, цемент-бетон қабатын жабу жұмыстары жүргізілуде. Ендігі кезекте Павлодардан Семейге дейінгі және Өскемен бағытындағы жолды қолға аламыз. Бүгінде барлық жұмыстар кестеге сай жүргізілуде. Жұмсалып жатқан қаражат та жоспардағыдай.

"Орталық-Оңтүстікке" келер болсақ, Теміртауға дейінгі жолдың мердігерлері анықталған. Жұмыс толықтай жүріп жатыр. Сонымен қатар, бұған Алматы-Қапшағай жолы да кіреді. Келер жылы біз бұл бағытты аяқтаймыз. Ол да толықтай цемент-бетон қабатымен жабылады", - дейді вице-министр.

Оның айтуынша, "Орталық-Батыс" жобасы бойынша қазіргі таңда техникалық-экономикалық негізі қаланып, барынша тиімді бағыт анықталуда. Астанадан шығатын жол Қорғалжынға, одан кейін Арқалыққа, Арқалықтан Шалқар мен Бейнеуге тартылмақ.

"Ир облыста жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары соның ішінде. 2017 жылы Астана-Петропавл қозғалысы толықтай жаңартылады. Сонымен қатар Петропавл-Қорған жолы Ресей Федерациясына шықпақ", - дейді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны