18.04.2011, 14:26 4125

ҚМГ 2010 жылы таза табысын екі есеге арттырған

ҚМГ 2010 жылы таза табысын екі есеге арттырған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 18 - сәуір. Kazakhstan Today - ҚМГ 2010 жылы таза табысын екі есеге арттырған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан жаңалықтары ақпарттық агенттігінің хабарлауынша, "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ 2010 жылдың қорытындылары бойынша 2009 жылғы 188,586 миллиард теңге табыспен салыстырғанда 397,034 миллиард теңге көлемінде таза табыс алған.

Есепке сәйкес, 2010 жылы сатылған өнім мен көрсетілген қызметтің жарнасы бір жыл бұрынғы 1,590 триллионмен салыстырғанда 2,099 триллион теңгені құрады. 2010 жылғы жалпы табыс 2009 жылғы 539,086 миллиард теңгемен салыстырғанда 689,941 миллиард теңгені құраған.

"ҚазМұнайГаз" активтері 2010 жылға 5,138 триллион теңгеден 5,752 трилион теңгеге дейін өссе, міндеттемелер 2,781 триллион теңгеден 3,021 триллион теңгеге дейін өскен. Бұл мерзімде жеке капитал 2,357 триллион теңгеден 2,731 триллион теңгеге дейін өсті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны