02.10.2012, 13:55 3168

ҚМГ 2022 жылға қарай мұнай өңдеу деңгейін 35,4 млн тоннаға дейін жеткізуді жоспарлап отыр

"Ресурстық базаны арттырудағы біздің мақсатқа қол жеткізу үшін компания бірқатар бірлескен геологиялық барлау жобаларын іскер серіктестермен Каспий теңізінде жүзеге асыруда", - деді Л. Қиынов.

Алматы. 2-қазан. Kazakhstan Today - "ҚазМұнайГаз" компаниясының басшысы Ләззат Қиынов қордың негізгі өсімі мен көмірсутектерді өндіруді Каспий қайраңын игерумен байланыстырып отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл жайында ол "Kazenergy" VII Еуразиялық форумында айтты.

"Ресурстық базаны арттырудағы біздің мақсатқа қол жеткізу үшін компания бірқатар бірлескен геологиялық барлау жобаларын іскер серіктестермен Каспий теңізінде жүзеге асыруда", - деді Л. Қиынов.

Осы орайда ол 2014 жылға дейін "Жамбыл" , "Н", "Сәтбаев", "Жеңіс", "Абай", "Исатай", "Шағала", "Дархан", "Хвалынское" және басқа да жобаларды әрі қарай іске асыру жалғасатынын, сондай-ақ осының аясында 19-20 барлау және бағалау ұңғымаларын бұрғылау көзделгенін атап өтті.

"Жалпы Каспий аумағындағы мұнай жобалары есебінен мұнай мен газ конденсатын өндіру деңгейі биылғы жылғы көрсеткішке қарағанда 2022 жылға қарай 1,6 есеге артатын болады", - деп түйіндеді Л. Қиынов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны