02.04.2012, 12:50 3770

ҚМГ басқару аппаратындағы қызметкерлер санын 26 пайызға қысқартты

Оңтайландыру жөніндегі жұмыстарды жүргізудің нәтижесінде Қазмұнайгаз орталық аппаратының басшы құрамының бірлік саны 47,8 пайызға қысқарып "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-ның басқару аппаратында жұмыс істейтіндердің саны жалпы алғанда 26 пайызға азайған.

Астана. 2-сәуір. Kazakhstan Today - ҚМГ басқару аппаратындағы қызметкерлер санын 26 пайызға қысқартты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Оңтайландыру жөніндегі жұмыстарды жүргізудің нәтижесінде Қазмұнайгаз орталық аппаратының басшы құрамының бірлік саны 47,8 пайызға қысқарып "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-ның басқару аппаратында жұмыс істейтіндердің саны жалпы алғанда 26 пайызға азайған.

Бұл туралы бүгін "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ орталық аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.

Таратылған ақпаратқа сәйкес,"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің 2012 жылғы 13 ақпандағы №1/2012 шешімі негізінде ҚМГ қызметкерлерінің жалпы саны мен орталық аппарат құрылымы бекітілді, деп хабарлайды BNews.kz ақпараттық агенттігінен.

Бекітілген ұйымдық құрылым халықаралық деңгейдегі мұнай-газ компанияларының үлгісінде жасалған. Онда профильді мамандығы және мұнай-газ саласында еңбек тәжірибесі бар мамандарға басымдылық берілді.

Жаңартылған құрылым мұнай және газ қорын барлау, игерілетін кеніштерді басқару, сондай-ақ мұнай және газ тасымалдау, өңдеу және мұнай химиясын дамыту жөніндегі мәселелермен айналысатын қызметтерді күшейтуге мүмкіндік береді.

Компанияда басқару деңгейінің саны барынша қысқартылды. Мұның өзі өкілеттіктерді қайталауды жойып, басшылық құрамның жауапкершілік аясын кеңіте түседі.

Дәл осындай жолмен еншілес және тәуелді ұйымдардың да құрылымы қайта қаралуда, әкімшілік-басқару құрамының санын қысқарту жүргізілуде. Жекелеген еншілес және тәуелді ұйымдардың ҚМГ компаниясының мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келмеген жағдайында белгіленген тәртіп бойынша оларды ҚМГ активтерінің құрылымынан шығару мәселесі қарастырылатын болады.

Оңтайландыру шеңберінде ҚМГ мен оның еншілес және тәуелді ұйымдары әкімшілік-басқару құрамының жалпы санын қысқарту орташа алғанда 23 пайызды құрайды.

Осылайша ҚМГ орталық аппараты мен оның еншілес және тәуелді ұйымдары құрылымы мен санын оңтайландыру жөніндегі ұсынылған шаралар ұлттық компанияның табанды дамуын қамтамасыз етуге, күшті профильді активті нығайтуға жұмылдыруға және мемлекет үшін барынша пайда табуға мүмкіндік береді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны