03.03.2011, 16:00 4454

ҚМГ БӨ 2011 жылы мұнай өндіруді 2 пайызға арттыруды жоспарлап отыр

ҚМГ БӨ 2011 жылы мұнай өндіруді 2 пайызға арттыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 3 - наурыз. Kazakhstan Today - ҚМГ БӨ 2011 жылы мұнай өндіруді 2 пайызға арттыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz. агенттігінің хабарлауынша, "КазМунайГаз" Барлау өндіру" АҚ 2011 жылы мұнай өндіруді 2% өсіріп, 13,5 млн тоннаға жеткізуді жоспарлауда. Бұл туралы мұнай компаниясының баспасөз қызметі мәлім еткен.

"ҚМГ БӨ-нің 2011 жылы "Өзенмұнайгаз" және "Ембімұнайгаз" өндірістік филиалдарында мұнай өндіруді 9 100 мың тоннаға (тәулігіне 183 мың баррель) жеткізуді жоспарлауда. Бұл 2010 жылғы өндіргеннен 4% жоғары. Алдын ала жасалған есептер бойынша, 2011 жылы біріккен кәсіпорындардағы мұнай өндіру үлесін қоса отырып, барлық көлемін 2% өсіріп, 13,5 млн тоннаға жеткізу жоспарлануда", - делінген таратылған баспасөз ақпараттарында.

ҚМГ БӨ негізгі кен орындарында 2011 жылы ішкі нарықтағы мұнай өндіру деңгейінің жоспарлы қамтылуы ішкі 1,9 млн тонна (тәулігіне 38 мың баррель) деп жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны