08.04.2011, 17:15 4603

ҚМГ БӨ ағымдағы жылдың І тоқсанында мұнай өндіру көлемін 0,3 пайызға төмендеткен

ҚМГ БӨ ағымдағы жылдың І тоқсанында мұнай өндіру көлемін 0,3 пайызға төмендеткен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 8 - сәуір. Kazakhstan Today - ҚМГ БӨ ағымдағы жылдың І тоқсанында мұнай өндіру көлемін 0,3 пайызға төмендеткен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

РИА Новости ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ ("ҚМГ БӨ", "Компания") "Қазгермұнай" БК ЖШС (ҚГМ), "CCEL" (CCEL), "ПетроҚазақстан Инк." (ПҚИ) және "НБК" ЖШС (НБК) компанияларындағы үлестерді қосқанда, 2011 жылдың бірінші тоқсанында алдын-ала мәліметтер бойынша 3 172 мың тонна (тәулігіне 259 мың баррель) мұнай өндірді, бұл 2009 жылдың осындай кезеңіндегіден 11 мың тоннаға немесе 0,3 %-ға аз, деп хабарлады комапнияның баспасөз қызметі жұмада.

Сонымен қатар, "Өзенмұнайгаз" өндірістік филиалы (ӨМГ) 1 413 мың тонна (тәулігіне 115,5 мың баррель) өндірді, бұл өткен жылдың бірінші тоқсанындағыдан 0,3 %-ға аз.

"Ембімұнайгаз" 680 мың тонна (тәулігіне 55,5 мың баррель) өндірді, бұл 2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,7 %-ға көп, соның арқасында ӨМГ және ЕМГ өндірген мұнайдың жалпы көлемі 2011 жылдың бірінші тоқсанында 2 093 мың тонна (тәулігіне 171 мың баррель) өндірді, бұл 2009 жылдың осындай кезеңіндегіден 7 мың тоннаға немесе 0,4 %-ға көп. Бұл ретте мұнай өндіру көлемінің аздап төмендеуіне 2011 жылдың наурызы аралығында ауа-райының қолайсыздығынан кен орындарында электр қуатын шектеу және апатты жағдайда сөну жағдайлары кері әсер етті", - деп көрсетілген хабарламада.

ҚМГ БӨ мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. Компанияның өндіру көлемі "Қазгермұнай" БК ЖШС мен CCEL ("Қаражанбасмұнай") "ПетроҚазақстан Инк." және "НБК" ЖШС компанияларындағы үлестерді есептегенде, 2010 жылы 13,3 млн. тоннаны (тәулігіне 270 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ-нің мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 2010 жылдың соңындағы жағдай бойынша 232 млн. тоннаны (1,7 млрд. баррелді), ал еншілес компаниялардағы үлесті есептегенде 2,2 млрд. баррельден астамды құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны