08.04.2011, 13:53 5564

ҚМГ БӨ бас директоры тағайындалды

ҚМГ БӨ бас директоры тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 8 - сәуір. Kazakhstan Today - ҚМГ БӨ бас директоры тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

РИА Новости ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ ("ҚМГ БӨ", "Компания") Директорлар кеңесінің кеше өткен кезектен тыс отырысында Асқар Балжанов Компанияның жаңа Бас директоры (Басқарма Төрағасы) болып сайланған. Бұл шешім ҚМГ БӨ директорлар кеңесінің кезектен тыс отырысында қабылданды.

ҚМГ БӨ-нің негізгі акционері - "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы (ҚМГ ҰК) ҚМГ компаниялар тобындағы басқа маңызды жұмыс бағытына ауыстыру қажеттігіне байланысты Кенжебек Ибрашевтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныс енгізді. Асқар Балжанов бұған дейін Компанияны 2006 жылдың маусым айынан 2009 жылдың мамырына дейін басқарған болатын, 2006 жылдың маусымынан Директорлар кеңесінің мүшесі, ал 2010 жылдың наурыз айынан ҚМГ БӨ Директорлар кеңесінің төрағасы болып табылады.

"Оның басқаруымен Компания ІРО-ға шықты, оған Компанияның әлеуеті, ұтымды тұстары және осал жақтары жақсы таныс, жаңа басшы ҚМГ БӨ-нің дамуындағы сабақтастықты қамтамасыз ете алады", - деп көрсетілген баспасөз хабарламасында.

Асқар Балжанов 2011 жылдың 8 сәуірінен бастап Компанияның Бас директоры (Басқарма Төрағасы) қызметіне кіріседі.

Компанияның Корпоративтік басқару кодексі Директорлар кеңесінің Төрағасы және Бас директоры міндеттерін қоса атқаруға жол бермейтіндіктен, Директорлар кеңесінің Төрағасы міндетін уақытша Сейсенғали Өтеғалиев атқаратын болады.

ҚМГ ҰК 2011 жылдың 5-мамырында өтетін Компания акционерлерінің жылдық жиналысында сайлау үшін Директорлар кеңесі жаңа мүшесінің кандидатурасын ұсынады деп күтілуде. Оған дейін Кенжебек Ибрашев Компания Директорлар кеңесінің мүшесі міндетін атқаратын болады.

Балжанов Асқар Құмарұлы 1958 жылы дүнеге келді. 1980 жылы Мәскеу мұнай химиясы және газ өнеркәсібі институтын бітіргеннен кейін "Эмбанефть РА", "КазахстанНефтеГаз SE", "КазахстанМунайГаз SE", "ҚазРосГаз" және ҚМГ сияқты мұнай өндіруші кәсіпорындарда түрлі лауазымды қызметтер атқарып, мұнайгаз саласында мол тәжірибе жинақтады. Бұған дейін "ҚазМұнайТеңіз" ҰМК" АҚ және "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ бас директоры қызметтерін атқарды. Соңғы тағайындауға дейін "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ барлау және өндіру жөніндегі басқарушы директоры болып жұмыс істеді.

ҚМГ БӨ мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. Компанияның өндіру көлемі "Қазгермұнай" БК ЖШС мен CCEL ("Қаражанбасмұнай") "ПетроҚазақстан Инк." және "НБК" ЖШС компанияларындағы үлестерді есептегенде, 2010 жылы 13,3 млн. тоннаны (тәулігіне 270 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ-нің мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 2010 жылдың соңындағы жағдай бойынша 232 млн. тоннаны (1,7 млрд. баррелді), ал еншілес компаниялардағы үлесті есептегенде 2,2 млрд. баррельден астамды құрайды. Компанияның жай және артықшылықты акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары - Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылдың қыркүйегіндегі ІРО кезінде Компания 2 миллиардтан астам АҚШ долларын тартты. 2010 жылдың шілдесінде халықаралық Standard & Poor's агенттігі Компанияның несиелік рейтингін "ВВ+" деңгейінде, ал 2010 жылдың қарашасында "GAMMA-6" корпоративтік басқару рейтингін растады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны