31.05.2012, 11:09 7120

ҚМГ БӨ директорлар кеңесінде өзгерістер болды

"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ акционерлердің жылдық жалпы жиналысы мен Директорлар кеңесінің отырысында кеңестің жаңа мүшесі сайланғаны туралы хабарланды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі мәлім етті.

Астана. 31-мамыр. Kazakhstan Today - ҚМГ БӨ директорлар кеңесінде өзгерістер болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ акционерлердің жылдық жалпы жиналысы мен Директорлар кеңесінің отырысында кеңестің жаңа мүшесі сайланғаны туралы хабарланды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі мәлім етті.

"Акционерлердің жалпы жиналысында Директорлар кеңесінің мүшесі Сейсенғали Өтеғалиевтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Директорлар кеңесінің жаңа мүшесі болып жалпы Компания Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзіміне Тимур Бимағамбетов сайланды", - делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны