27.02.2012, 10:46 3808

ҚМГ БӨ директорлар кеңесінің құрамында өзгерістер болды

"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ ("ҚМГ БӨ", "Компания") бүгін, 2012 жылдың 27-ақпаны күні, акционерлердің кезектен тыс жалпы отырысын өткізді. Онда Директорлар кеңесінің мүшесі Асқар Балжановтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Директорлар кеңесінің жаңа мүшесі болып Ләззат Киинов жалпы Компания Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзіміне сайланды", - делінген компанияның хабарламасында.

Астана. 27-ақпан. Kazakhstan Today - ҚМГ БӨ директорлар кеңесінің құрамында өзгерістер болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ директорлар кеңесінің жаңа мүшесі болып "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Ләззат Қиынов сайланған.

"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ ("ҚМГ БӨ", "Компания") бүгін, 2012 жылдың 27-ақпаны күні, акционерлердің кезектен тыс жалпы отырысын өткізді. Онда Директорлар кеңесінің мүшесі Асқар Балжановтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Директорлар кеңесінің жаңа мүшесі болып Ләззат Киинов жалпы Компания Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзіміне сайланды", - делінген компанияның хабарламасында.

Киинов Ләззат Кетебайұлы - Қазақ политехникалық институтын бітірген. Мұнайгаз саласында 1971 жылдан бері істеп келеді. Мұнайгаз өндірісінде кәсіби дамудың барлық сатыларын өткен, "Жетібаймұнай" МГӨБ мұнай және газ өндіру операторы, "Маңғышлақмұнайпромхим" аумақтық-өндірістік басқармасының бас инженері, "Қаражанбасстермнефть", "Комсомолмұнай" МГӨБ бастығы қызметтерін атқарған. "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ, Каспий құбыр желісі консорциумында, ҚР Мұнай және газ министрлігінде басшылық қызметтер атқарды. Иртүрлі жылдарда Маңғыстау облысын басқарды. "Парасат" орденімен, "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл" медалімен марапатталған.

2011 жылдың желтоқсанынан бастап "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы қызметінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны