11.04.2011, 16:54 4292

ҚМГ БӨ көмірсутегін барлау бойынша төрт келісімшартқа қол қойды

ҚМГ БӨ көмірсутегін барлау бойынша төрт келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 11 - сәуір. Kazakhstan Today - ҚМГ БӨ көмірсутегін барлау бойынша төрт келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz. ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ Қазақстан Республикасында көмірсутегі шикізатын барлауға төрт келісімшарт аясында "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-мен жер қойнауына 100% құқық алу бойынша келісімге қол қойған. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлап отыр.

"Келісімге сәйкес, "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ мынадай төрт келісімшартқа қол жеткізеді: Темір, Терескен, Қаратон-Сарқамыс және Өзен мен Қарамандыбас кен орнына жататын аймақ", - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің деректеріне сәйкес, төрт келісімшарттың құны 40 млн АҚШ долларын құрайды. Келісімді қаржыландыру "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ-тың жеке қаржысы арқылы жүзеге асырылатын болады.

"Компанияның бағалауына сәйкес, барлық блоктардың геологиялық қоры мұнай баламасы бойынша 1,5 млрд баррельді құрайды", - делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны