31.05.2012, 01:39 7534

ҚМГ БӨ White Bear-де бұрғылау басталғанын хабарлайды

"Rомпания, сонымен қатар, өткен аптада White Bear құрылымындағы тұзасты ұңғысын бұрғылау басталғанын хабарлайды. ҚМГ БӨ лицензияға қатысудың 35% үлесіне ие, лицензияның 45% және 20% үлесіне ие Би Джи Групп және Маерск компаниялары серіктестер болып табылады", - делінген хабарламада.

Астана. 31-мамыр. Kazakhstan Today - "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы мен Директорлар кеңесінің отырысы барысында White Bear құрылымындағы тұзасты ұңғысын бұрғылау басталғаны хабарланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, "компания, сонымен қатар, өткен аптада White Bear құрылымындағы тұзасты ұңғысын бұрғылау басталғанын хабарлайды. ҚМГ БӨ лицензияға қатысудың 35% үлесіне ие, лицензияның 45% және 20% үлесіне ие Би Джи Групп және Маерск компаниялары серіктестер болып табылады", - делінген хабарламада.

White Bear блогі Солтүстік теңіздің британ саласында орналасқан. Онда алғашқы ұңғыманы 2012 жылы ақпанда бұрғылау жоспарланған болатын.

ҚМГ БӨ мен BG group White блогін барлау жұмыстарын бірлесіп жүргізу туралы келісімге 2010 жылы тамызда қол қойған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны