18.09.2012, 13:09 3296

ҚМГ ӨБ "Ембімұнайгазға" алты келісімшарт бойынша мұнай кеніштерін игеру құқын берді

Директорлар кеңесі, сонымен қатар, 2012 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша 300 млн. АҚШ долларын құраған "ҚазГерМұнай" БК" ЖШС дивидендтерін бөлу туралы шешімді бекітті. "ҚазМұнайГаз" БӨ" АҚ үлесі 150 млн. АҚШ долларын құрады.

Алматы. 18-қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ ("ҚМГ БӨ", "Компания") Директорлар кеңесінің отырысы барысында "Ембімұнайгаз" АҚ-ға алты келісімшарт бойынша мұнай кеніштерін игеру құқын беру туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ Директорлар кеңесі 2012 жылдың 1 қазанынан бастап төмендегі алты келісімшарт бойынша мұнай кеніштерін игеруге жер қойнауын пайдалану құқығын "Ембімұнайгаз" АҚ пайдасына беру туралы шешім қабылдады: №37 Кенбай кеніші; № 61 Оңтүстік-шығыс Новобогатинское; № 211 Ботахан, Мақат, Доссор, Таңатар, Камышитовое және т.б. - барлығы 23 кеніш; № 413 Прорва, Құлсары, Қаратон, Қосшағыл және т.б. - барлығы 15 кеніш; № 327 Тайсойған кеніші; № 992 Батыс Новобогатинское кеніші".

Директорлар кеңесі, сонымен қатар, 2012 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша 300 млн. АҚШ долларын құраған "ҚазГерМұнай" БК" ЖШС дивидендтерін бөлу туралы шешімді бекітті. "ҚазМұнайГаз" БӨ" АҚ үлесі 150 млн. АҚШ долларын құрады.

Директорлар кеңесінің отырысында ҚМГ ҰК қызметіне ақы төлеу құрылымын өзгерту туралы шешім қабылданды. Мұнай экспортын қамтамасыз ету және басқа да қызметтер үшін 4,5 млрд. теңге (30 млн. АҚШ доллары) көлеміндегі сома тұрақты түрде төленсе, қалған бөлігі жасалған келісімшарттарға байланысты төленеді. Бұл ретте, жалпы төлем сомасы 10 млрд. теңгеден (67 млн. АҚШ доллары) аспауы тиіс.

Директорлар кеңесі 2012 жылдың 6 қарашасы күні Астана қаласында сағат 10:30-да акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы шешім қабылдады. Күн тәртібіне Қоғам Жарғысына өзгерістер енгізу, Қоғамның Корпоративтік басқару кодексін бекіту мәселелері енгізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны