10.05.2011, 13:15 4824

ҚМГ ӨБ І тоқсандағы таза табысы 14 пайызға өскен

Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ-ның ("ҚМГ БӨ") 2011 жылғы қаңтар-наурызына таза табысы 59 млрд теңгені құрап, бір акцияға шаққанда кіріс 2010 жылдың сәйкес кезеңіндегіден 14 %-ға артып, 810 теңге (бір ЖДҚ үшін 0,9 АҚШ доллары) құрады, деп хабарлады сейсенбіде компанияның баспасөз қызметі.

Астана. 10 - мамыр. Kazakhstan Today - ҚМГ ӨБ І тоқсандағы таза табысы 14 пайызға өскен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ-ның ("ҚМГ БӨ") 2011 жылғы қаңтар-наурызына таза табысы 59 млрд теңгені құрап, бір акцияға шаққанда кіріс 2010 жылдың сәйкес кезеңіндегіден 14 %-ға артып, 810 теңге (бір ЖДҚ үшін 0,9 АҚШ доллары) құрады, деп хабарлады сейсенбіде компанияның баспасөз қызметі.

"2011 жылдың бірінші тоқсанында ҚМГ "Қазгермұнай" БК" (бұдан әрі - Қазгермұнай, ҚГМ), CCEL (бұдан әрі - Қаражанбасмұнай, CCEL) және "ПетроҚазақстан" (бұдан әрі - ПҚИ) компанияларындағы үлестерді есепке алғанда 3 172 мың тонна (тәулігіне 261 мың баррель) мұнай өндірді, бұл 2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9 мың тоннаға немесе 0,3%-ға кем", - деп көрсетілген хабарламада.

"Өзенмұнайгаз" және "Ембімұнайгаз" өндірістік филиалдары 2011 жылдың бірінші тоқсанында 2 093 мың тонна (күніне 171 мың баррель) мұнай өндірді, бұл 2010 жылдың осындай кезеңіндегіден 8 мың тоннаға немесе 0,4 %-ға көп. Бұл ретте 2011 жылдың наурыз айында ауа-райының қолайсыздығынан кенорындарына электр қуатын беруді шектеу және апатты жағдайда сөнуі өндіру нәтижелеріне кері әсер етті.

"Өзенмұнайгаз" және "Ембімұнайгаз" өндірістік филиалдары экспорттық және ішкі жеткізілімдері 1 682 мың тонна (тәулігіне 138 мың баррель) және 398 мың тонна (тәулігіне 33 мың баррель) құрады.

2011 жылдың бірінші тоқсанында CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларының өндіру көлеміндегі ҚМГ БӨ үлесі 1 079 мың тоннаны (тәулігіне 90 мың баррель) құрады, бұл 2010 жылдың сәйкес кезеңіндегіден 17 мың тоннаға немесе 2 %-ға аз.

CCEL, ҚГМ және ПҚИ2 компанияларының жеткізу көлеміндегі ҚМГ БӨ үлесі компаниялардың жалпы сату көлемінің 80 %-ын құрайтын экспортқа шығарылған 962 мың тонна (тәулігіне 81 мың баррель) мұнайды қоса есептегенде, 1 213 мың тонна (тәулігіне 101 мың баррель) мұнайды құрады.

2011 жылдың бірінші тоқсанында таза пайда 59 млрд. теңге (403 млн. АҚШ доллары) құрап, 2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 14 %-ға артты. Бұл негізінен операциялық салықтардың, өндірістік шығындардың және сату шығындары мен әкімшілік шығындардың артуымен ішінара өтелген мұнай бағасының 38 %-ға қымбаттауымен түсіндіріледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны