21.03.2011, 12:44 3946

ҚМГ өндірілетін мұнай қорын 1 млрд 600 млн тоннаға жеткізуді жоспарлап отыр

ҚМГ өндірілетін мұнай қорын 1 млрд 600 млн тоннаға жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы компания басқармасының төрағасы Қайыргелді Қабылди мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 21 наурыз. Kazakhstan Today - ҚМГ өндірілетін мұнай қорын 1 млрд 600 млн тоннаға жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы компания басқармасының төрағасы Қайыргелді Қабылди мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл көрсеткіш, бірінші кезекте, барлау мақсатындағы бұрғылаудың ауқымын едәуір арттырудың есебінен еселенбек. Тек қана 2011 жылдың өзінде 21 барлау ұңғысын бұрғылау жоспарлануда. Бұл алдыңғы жылдардағы көрсеткіштен үш есе көп.

"Бүгінде өндіріліп отырған мұнайдың қоры 760 миллион тоннаны құрайды, біз бұл көрсеткішті 1 миллиардқа арттыруды жоспарлап отырмыз. Мұнайдың бір бөлігі осы кезеңнің ішінде өндірілетінін ескерсек, оның жалпы қоры бәрібір 1 миллиард 600 млн тоннаға артады", дейді Қ.Қабылдин.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны