17.08.2012, 14:28 2985

ҚМГ ҰК мен ENI компаниясы Құрық аулындағы зауыт құрылысының ТЭН бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алды

Құрық кентіндегі кемежасау/кемежөндеу зауытының құрылысы Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялы-инновациялық даму (ҮИИДМБ) бойынша мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады.

Алматы. 17-тамыз. Kazakhstan Today - "ҚазМұнайГаз" АҚ "Құрық кентінде кемежасау/кемежөндеу зауытын салу" жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі (ТЭН) бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алғандығы туралы хабарлайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Құрық кентіндегі кемежасау/кемежөндеу зауытының құрылысы Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялы-инновациялық даму (ҮИИДМБ) бойынша мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады.

Жобаны итальяндық "Эни" компаниясымен бірлесе "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ іске асырады. Екі компания арасындағы Ынтымақтастық туралы келісімге 2009 жылдың 5 қарашасында қол қойылған. Жобаны басқару "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-ның 100% еншілес ұйымы - "ҚМГ Салынатын кәсіпорындар дирекциясы" ЖШС-мен іске асырылады.

ТЭН және жобалық-сметалық құжаттаманы "Эни" компаниясы қаржыландырады, сондай-ақ, ол құрылыстың қаржыландырылуын ұйымдастыруға қатысады.

Жобалау қазақстандық жобалау ұйымдарының қатысуымен жүзеге асырылады, атқарушыларды таңдау ағымдағы жылдың желтоқсан айында аяқталады.

Жоба бойынша анықтама: кемежасау/кемежөндеу зауыты түрлі типтегі және міндеттегі кемелердің барлық жөндеу жұмыстарын жүзеге асыратын болады, сонымен қатар, жылына шамамен 70 бірлікке дейінгі кемелердің техникалық күтімін, сондай-ақ, су ығыстырғыштығы 15 мың тоннаға дейінгі кемелерді (танкерлер, құрғақ жүк кемелері, баржалар, көмекші кемелер) жасайды. Құрылыс кезеңінде қамтылатын адамдардың жалпы саны шамамен 500 адамды құрайды, пайдаланылуға берілетін кезеңде кәсіпорында 600 адамға дейін жұмыс істейді. Мемлекеттік сараптаманың нәтижесі бойынша жобаның жалпы құны - 42,633 млрд.теңгені құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны