14.04.2014, 19:29 3806

ҚМЖО машина жасау саласы бойынша мамандарды даярлауға шағын тендер жариялайды

Ағымдағы жылдың 15 сәуірінен бастап Қазақстанның машина жасау одағы еліміздің оқу орындары арасында мамандарды даярлауға шағын-тендер өткізеді. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ өткен брифингте "Қазақстанның машина жасау одағы" ЗТБ атқарушы директоры Темірлан Алтаев мәлім етті.

Алматы. 14 сәуір. Kazakhstan today. Ағымдағы жылдың 15 сәуірінен бастап Қазақстанның машина жасау одағы еліміздің оқу орындары арасында мамандарды даярлауға шағын-тендер өткізеді. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ өткен брифингте "Қазақстанның машина жасау одағы" ЗТБ атқарушы директоры Темірлан Алтаев мәлім етті.

"Қазіргі таңда біз пилоттық жобалардың бірі машина жасау бойынша мамандарды даярлау жобасын іске қосудамыз. Яғни, біз нарықта қажетті мамандарды даярлау бойынша сараптама жүргізудеміз.Осыдан кейін біз жоғары сапалы өнімді өндіру үшін қажетті машина жасау технологиясына барамыз. Осы ретте біздің зауыттарда жұмыс істейтін мамандардың біліктілігі туралы мәселе туындайды", - деді Т. Алтаев.

Оның айтуынша, ҚМЖО жақын күндері еліміздің оқу орындары мен колледждің арасында шағын-тендер жариялайды.

"Егер оқу орындар мен колледждер механотроника сынды күрделі салаларды оқытатын болса, онда олармен біз жұмысымызды жалғастырамыз. Менің ойымша бұл жүзеге асыруды қажет ететін мәселе", - деп ол атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны