22.04.2014, 20:15 9101

КО аясында Қазақстанда ауыл шаруашылығы экспортының көлемі 1,5 есеге көбейді - М.Тайтубаев

Бүгін ҚР Президенті жанынағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингіне ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық тексеріс және бақылау комитетінің төраға орынбасары Мереке Тайтубаев Кедендік Одақ аясында Қазақстанда ауыл шаруашылығы экспорты көлемі 1,5 есеге артқанын мәлімдеді.

Алматы. 22 сәуір. Kazakhstan today. Бүгін ҚР Президенті жанынағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингіне ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық тексеріс және бақылау комитетінің төраға орынбасары Мереке Тайтубаев Кедендік Одақ аясында Қазақстанда ауыл шаруашылығы экспорты көлемі 1,5 есеге артқанын мәлімдеді.

"Қазіргі таңда КО аясында импортпен қатар экспорттың да артып келе жатқаны байқалады. Бірнеше тауар түрі бойынша тауар тасымалы артып келеді. Былтырмен салыстырар болсақ, ауыл шаруашылығы тауарларының жалпы экспорты шамамен 1,5 есеге артты. Ресей мен Беларусьтен бізге тасымалданатын тауар түрлері тиісінше артып келеді", - дейді М.Тайтубаев.

Сонымен қатар, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветринарлық тексеріс және бақылау комитетінің төраға орынбасары Мереке Тайтубаев КО көлемінде қазақстанық ветеринарлық өнімдерге деген сұраныстың жоғары екенін айтты.

Оның айтуынша, қазіргі таңда Ресей, Беларусь пен Қазақстанда ветеринарлық заттардың кең түрі тіркелген.

"РФ мен Беларусьтердің біздің тауарға деген қызығушылығы жоғары. Бұл әрине, бізге өте пайдалы. Қазіргі таңа шекаралық ветеринарлық тексерістің жоқтығы әкімшілік кедергіні жойып, кәсіпкерліктің дамуына жо ашып отыр", - дейді М.Тайтубаев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны