27.06.2014, 20:35 3410

КО мен БЭК елдеріндегі жұмыссыздар саны 10,3%-ға азайды

Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістік елдеріне қатысушы мемлекеттердегі жұмыссыздар саны 2013 жылдың мамыр айымен салыстырғанда 10,3%-ға азайды.

Алматы. 27 маусым. Kazakhstan today. Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістік елдеріне қатысушы мемлекеттердегі жұмыссыздар саны 2013 жылдың мамыр айымен салыстырғанда 10,3%-ға азайды.

Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістік елдеріне қатысушы мемлекеттердің халықты жұмыспен қамту қызметтерінде есепте тұрған жұмыссыздар саны 2014 жылдың мамыр айы соңында 988 мың адамды құрап, 2013 жылдың осындай уақытымен салыстырғанда 10,3%-ға азайды, деп хабарлайды ЕЭК ресми сайты.

Беларусь пен Қазақстанда тіркелген жұмыссыздар саны 8,7%, Ресейде 10,4%-ға төмендеді.

КО пен БЭК елдеріндегі жалпы тіркелген жұмыссыздардың деңгейі 2014 жылдың мамырында 1,1%-ды құрады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны