22.09.2011, 12:19 3397

КО мүше елдерге жасалған экспорт көлемі соңғы 5 жылда ең жоғарғы көрсеткішке жетті - баспасөз баяны

Осыған дейін ең жоғарғы көрсеткішке 2008 жыл қол жеткізгендігімізді атап өткен жөн. Осы жылы Ресей мен Беларусьқа шығарылған экспорт көлемі 6,4 млрд АҚШ долларын құраған болатын.

Кеден Одағы құрылғаннан бері (2010 жылдың шілде айынан 2011 жылдың шілдесі аралығы) Қазақстанның Ресей мен Беларусь елдеріне экспорты 7 млрд АҚШ долларын құраған. Бұл соңғы 5 жыл ішіндегі ең жоғарғы көрсеткіш.

Осыған дейін ең жоғарғы көрсеткішке 2008 жыл қол жеткізгендігімізді атап өткен жөн. Осы жылы Ресей мен Беларусьқа шығарылған экспорт көлемі 6,4 млрд АҚШ долларын құраған болатын.

Жалпы, Кеден Одағы құрылған бір жыл ішінде Қазақстанның КО мүше елдермен арадағы тауар айналымы да өсіп, 21,7 млрд АҚШ долларына жеткен. Бұл КО құрылғанға дейінгі жылдармен салыстырғанда 43 пайызға өскен. Салыстыратын болсақ, 2008 жылы тауар айналымы 20,5 млрд АҚШ долларын құраған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны