17.04.2009, 14:05 3005

"Көксарай" су реттегіші салынатын кезеңде 2 мыңнан астам азамат жұмыспен қамтылады - ТЖМ

"Көксарай" су реттегіші салынатын кезеңде 2 мыңнан астам азамат жұмыспен қамтылады - ТЖМ

Астана. 17 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - "Көксарай" су реттегіші салынатын кезеңде 2 мыңнан астам азамат жұмыспен қамтылады, ал ол пайдаланыла бастаған кезде қосымша тағы 30 адамға жұмыс табылады. Бұл туралы бүгін Төтенше жағдайлар вице-министрі Валерий Петров министрліктің алқа мәжілісінде мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Қазіргі таңда аталмыш нысанды салу жұмыстары қарқынды жалғасуда. Оған 22 мамандандырылған мекеме тартылған. Ал ондағы жұмысшылар саны 1 мың 700-ден асады. Олардың арасында 1 мың 200-ге жуық адам жергілікті тұрғындар. Нысанды салу жұмыстары мемлекет басшысы мен үкіметтің жіті назарында. Сондықтан да Төтенше жағдайлар министрлігі оны уақытында іске қосу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды", деді В.Петров.

"Нысанда қазір барлығы 876 арнаулы техника мен 131 көмекші техника жұмыс істеуде. Бас гидроторап, су жіберетін құрылғы мен бөген құрылысы тұрғызылуда. Су реттегіштің су келетін және су ағып кететін каналының жер қазу жұмыстарының негізгі көлемі аяқталып келеді", - деді вице-министр.

"Егер жоба сәтімен жүзеге асатын болса, Сырдария өзенінің жағасында болып жататын су тасқындарының алдын алуға мүмкіндік туады. Сонымен қатар ол еліміздің оңтүстік өңірінің инфрақұрылымын дамытуға қосымша екпін береді", деді Валерий Петров.

Сонымен қатар ол суармалы жерлерге қажетті сумен қамтамасыз етіп, қуаңшылықтың алдын алуға мүмкіндік береді. Өз кезегінде тұрғындарды азық-түлік тауарларымен тұрақты қамтамасыз ету мәселесі шешімін табады. Сондай-ақ су реттегіш Кіші Арал теңізіндегі судың тұрақтылығына әсер етіп, аймақтағы экологияны жақсартады.

Вице-министрдің айтуынша, республикалық бюджеттік комиссиясының шешімімен бұл инвестициялық жоба бойынша шығындар биыл 10 миллиард теңгеге арттырылды, ал жалпы жобаға жұмсалатын қаражат көлемі 27 млрд теңгеден асады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны