03.02.2014, 21:15 5548

Көкшетау кәсіпкерлері мал шаруашылығы саласында отбасылық кәсіп ашпақ

Еуразиялық Банктен алған млн теңге несие қаражаты есебінен кәсіпкерлер мал қораны жөндеуден өткізіп, мал басын арттыра алады. Қазіргі таңда олардың құжаттары Өңірлік координациялық кеңестің қарауында жатыр.

Алматы. 3 ақпан. Kazakhstan today. Көкшетау кәсіпкерлер Асен мен Қуаныш Жақсылықовтар мал шаруашылығы бойынша отбасылық кәсіп ашуға ниетті.

Ағайынды Жақсылықовтар қала дүкендеріне сүт сатпақшы. Олардың "Жақсылық Agro" серіктестері Көкштаудағы "Гормолзавод" ЖШС-нің үлескер кәсіпкерлігі болып табылады. Оны құрғандағы мақсат шикізатты одан әрі өңдеу мен сүт өнімдерін өндіру, дейді Ақмола облысы әкімдігі.

Екі компания да кәсіпкерлікті қолдау орталықтарының семинарларына белсенді қатысып, сервистік компаниялардың тегін қызметін пайдаланып, сонымен қатар "Іскерлік байланыс" және "Топ-менеджментті оқыту" жобаларына да қатысты.

Бүгінде "Жақсылық Agro" ЖШС "Даму" қорының грантын пайдалана отырып, сүтті тұқымдас сиыр басын көбейтуді көздеп отыр. Еуразиялық Банктен алған млн теңге несие қаражаты есебінен кәсіпкерлер мал қораны жөндеуден өткізіп, мал басын арттыра алады. Қазіргі таңда олардың құжаттары Өңірлік координациялық кеңестің қарауында жатыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны