04.09.2020, 20:49 7832

"Кокшетау Жылу" ШЖҚ МКК-ы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

"Көкшетау жылу" ШЖҚ МКК өзі жасаған құқық бұзушылықпен келісе отырып, 2 222 400 теңге айыппұл төледі.

Алматы. 4 қыркүйек. Kazakhstan Today - "Кокшетау Жылу" ШЖҚ МКК-ы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы "Табиғи монополиялар туралы" Заңының 26 - бабы 2-тармағының 16) тармақшасында көзделген бекітілген инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын орындамағаны үшін "Көкшетау Жылу" ШЖҚ МКК ірі кәсіпкерлік субъектісіне қатысты бекітілген инвестициялық бағдарламаның шараларын орындамағаны үшін, Қазақстан Республикасы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 164-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғады.

Кодекстің 164-бабының 4-бөлігіне сәйкес табиғи монополия субъектісінің шектеулерді сақтамауы, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілерінің Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгіленген міндеттемелерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы, табиғи монополиялар салаларында, сферада басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органдарға ұсыну міндеттемесін, ақпараттандыру және байланыс, азаматтық авиация саласын, ақпарат, есептілік және белгіленген нысандағы хабарламалар қоспағанда, ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін бір мың алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады, бұл 4 444 800 теңгенің еселенген мөлшерін құрайды.

Кодекстің 811-бабына сәйкес Департамент "Көкшетау Жылу" ШЖҚ МКК-не Кодекстің 164-бабы 4-бөлігі бабы санкциясына сейкес жеті күн ішінде көрсетілген айыппұл сомасының елу пайызы мөлшерінде айыппұл төлеу құқығын түсіндірді.

"Көкшетау жылу" ШЖҚ МКК өзі жасаған құқық бұзушылықпен келісе отырып, 2 222 400 теңге айыппұл төледі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны