30.05.2017, 18:57 4822

Көкшетауда Беларусь-Қазақстан машина жасау кластері таныстырылды

Еске салсақ, Қазақстан Республикасыныӊ үдемелі индустриялық-инновациялық дамуыныӊ мемлекеттік бағдарламасыныӊ (ҮИИДМБ) алғашқы бес жылдығы аясында 121,5 млрд теӊге сомасындағы 49 жоба пайдалануға беріліп, 5,2 мыӊ тұрақты жұмыс орны ашылды. Ал, ҮИИДМБ-ныӊ екінші кезеӊіне Ақмола облысында жалпы сомасы 727 818 млн теӊге болатын, 8 406 жұмыс орнын ашатын 62 инновациялық жоба енгізілді.

Көкшетау. 30 мамыр. Kazakhstan Today - "Атамекен" ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев Ақмола облысына жасаған жұмыс сапарында "Қазақстан Агро Инновациялық корпорациясы" ЖШС жұмысымен танысты.

"Көшетауда ауыл шаруашылығы мен коммуналдық техника өндіретін кәсіпорын құру - Қазақстан мен Беларусь машина жасау саласындағы өзара іс-қимылыныӊ сәтті үлгісі", - деп атап өтті Тимур Құлыбаев.

Парк жобасында тіркеме, тайлағыш-жинағыш, аспалы жабдық, орама мен азық дайындайтын жабдық, экскаватор, түрлі габарит пен түрде жүк тиегіштерін жинаудыӊ өндірістік желісініӊ толық кезеӊі қамтылған. Таяу уақытта МАЗ автокөлік шассиініӊ базасында коммуналдық техника өндірісін бастау жоспарланған.

"Осындай инновациялық жобаларды жасау - еліміздіӊ экономикасыныӊ дамуына, нарықты жоғары технологиялық жабдықпен молайтуға әсер етері сөзсіз. Алайда, қазақстандық үлесті арттыру, отандық өнімді өткізу туралы да ұмытпаған жөн", - деді Төралқа Төрағасы.

Еске салсақ, Қазақстан Республикасыныӊ үдемелі индустриялық-инновациялық дамуыныӊ мемлекеттік бағдарламасыныӊ (ҮИИДМБ) алғашқы бес жылдығы аясында 121,5 млрд теӊге сомасындағы 49 жоба пайдалануға беріліп, 5,2 мыӊ тұрақты жұмыс орны ашылды. Ал, ҮИИДМБ-ныӊ екінші кезеӊіне Ақмола облысында жалпы сомасы 727 818 млн теӊге болатын, 8 406 жұмыс орнын ашатын 62 инновациялық жоба енгізілді.

Сонымен қатар, іссапар барысында Төралқа Төрағасы "Қазақстан Ұлттық Банкі" АҚ филиалына да барды.

Бүгінде Ұлттық банктіӊ филиалдық желісі ауқымды, облыста да, еліміздіӊ әрбір өӊірінде де бар. Ақмола өӊірініӊ барлық аудан орталықтарында ашылған. Сонымен қатар, "Атамекен" ҚР ҰКП мен "Қазақстан Халық Банкі" АҚ арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында ашылған кеӊес беру орталықтары жұмыс істейді.

Филиал директоры Гүлнар Хусаинованыӊ айтуынша, банк қызметкерлері кәсіпкерлерге қаржыландыру, салық салу, мемлекеттік қолдау құралдарын құрылымдау мәселелеріне қатысты кеӊес береді.

Тимур Құлыбаев банк секторы экономиканыӊ нақты секторында қаражатты бөлудіӊ тиімді құралдарыныӊ бірі екенін, олардыӊ өзара іс-қимылы жемісті болуы үшін жүйелі тәсіл қажет екенін атап өтті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны