22.07.2014, 19:28 2695

Көкшетауда рапс майын өндіретін цех ашылады

Алдағы уақытта Көкшетау қаласында тәулігіне 100 тонна қуаттылыққа ие рапс майы өндірісінің цехы ашылады, - деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігі.

Алматы. 22 шілде. Kazakhstan today. Алдағы уақытта Көкшетау қаласында тәулігіне 100 тонна қуаттылыққа ие рапс майы өндірісінің цехы ашылады, - деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігі.

Құны 2 млрд теңге боатын жоба "Agrimer astyk" ЖШС базасында іске асырылуда. Экспортқа бағытталған кәсіпкерлік толық көлемде Еуропа елдеріне өз өнімдерін сатуды жоспарлап отыр.

Айта кету керек, рапс майын өндіретін цех өңірде әзірге жалғыз. Қазіргі таңда цехқа қажетті жұмыстар жүргізілуде. Жаңа өндірістің ашылуы облыс орталығының 11 адамына жаңа жұмыс орнын ұсынбақ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны