07.02.2008, 18:41 3112

Көкшетаудың бюджеті өткен жылы 400 млн теңгеге өскен

Көкшетаудың бюджеті өткен жылы 400 млн теңгеге өскен

Көкшетау. 7-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Көкшетаудың бюджеті өткен жылы 400 млн теңгеге өскен. Бұл туралы өткен жылдың қорытындысын жасау барысында тұрғындардың қойған сауалдарына жауап берген Көкшетау қаласының әкімі Андрей Никишов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Көкшетаудың кәсіпорындары мен ұйымдары 2007 жылы мемлекеттік бюджетке 23,2 млрд теңге аударған. Соның ішінде қала қазынасына 5,5 млрд теңгеден астам қаржы түскен, бұл 2006 жылмен салыстырғанда 400 млн теңгеге артық",- деп хабарлады А. Никишов. Осы жылы бюджет шығыны шамамен 9,2 млрд теңгені құраған. Қала әкімі, әлеуметтік салаға жалпы шығын көлемінің 53 пайызы жұмсалғандығын атап өтті.

Икімнің айтуынша, өткен жылы білім беру мекемелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жасау және материалдық-техникалық жабдықтау бағдарламасы жүзеге асырылған. Үстіміздегі жылы республикалық бюджеттің трансферттері есебінен 1200 орынды жаңа білім беру ошағы салынады. Сондай-ақ 320 орынды жаңа балабақша салу басталып, қалалық бюджет есебінен қаланың ықшамаудандарының біріндегі мектеп жасына дейінгі балалар мекмесін реконструкциялау жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны