27.03.2008, 17:50 3176

Көктемгі егін тұқыммен толық көлемді қамтамасыз етілді- Ауыл шаруашылық министрлігі

Көктемгі егін тұқыммен толық көлемді қамтамасыз етілді- Ауыл шаруашылық министрлігі

Астана. 27 наурыз. "Қазақстан Бүгін" -Көктемгі егін жұмыстарын жүргізетін ауыл шаруашылық құрылымдары тұқыммен толық көлемді қамтамасыз етілді. Бұл туралы ҚР ауыл шаруашылық министрлігінің коллегиясында АШМ фитосанитарлық қауіпсіздік және диқаншылық департамент директоры Ана Буць мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Тұқым және оны дайындау мәселесіне тоқталар болсақ, ауыл шаруашылық құрылымдар көктемгі егін жұмыстарына қажетті тұқым көлемімен толық қамтамасыз етілді, бидай тұқымы мен бұршақ дәнділердің 2 млн тоннасы бар. Ал "Азықтүлік корпорациясының" АҚ мемлекеттік ресурстарында 36,1 мың тонна бидай сақтаулы", - деп хабарлады А. Буць.

Оның сөздері бойынша " 14,2 мың тонна майлы дақылдар тұқымы, 7,3 мың тонна техникалық дақылдар , 6,3 мың тонна шөп егілді".

А. Буць хабарлағанындай 2008 жылдың 25 наурызында "тексеруге 1,8 млн тонна тұқым жеткізіліп, оның 1,6 млн тоннасы тексерілді (82,5% )".

"Оның 81,9% стандартқа сай болып, 12,3 мың тоннасы немесе или 0,6% талапқа сай емес болып танылды. Тұқымның 73% негізі бидай қалдықтары мен арасында арам шөптің қоспасы бар болғандықтан стандарттарға сай емес болып шықты. Тұқым өнгіштігі жағынан 25% жетіп, бас қапшықтарындағы қоспасы 0,8% құрады ", -деп түсіндірді ол.

Департамент басшысы айтқанындай, " Қызылорда облысында стандарттарға сай емес тұқымның - 7,9 мың тоннасы бар болса, Шығыс Қазақстанда - 2,3 мың тонна, Қарағандыда - 1,6 мың тонна, Павлодар облысында - 0,4 мың тоннасы анықталды". Ал көктемгі егіс жұмыстары басталып кеткен Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында тұқымның тек 49% және 21% тексерілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны