14.12.2012, 10:29 3062

"Көкжайлау" курортының инвестициялық бюджеті 450 млн АҚШ долларын құрады

"Кешенді дамытуға бағытталған инвестициялық бюджет 450 млн АҚШ долларын құрап отыр. Қонақ үйлер мен мейрамханалар, тау шаңғысы ауылын салу үшін 550 млн доллар қажет. Жалпы алғанда, инвестиция көлемі 1 млрд АҚШ долларын құрады", - деді А.Гужавин.

Алматы. 14-желтоқсан. Kazakhstan Today - "Көкжайлау" курортының инвестициялық бюджеті 450 млн АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы баспасөз конференциясы барысында "Көкжайлау" тау шаңғысы кешені мемлекеттік компаниясының басшысы Александр Гужавин мәлім етті.

"Кешенді дамытуға бағытталған инвестициялық бюджет 450 млн АҚШ долларын құрап отыр. Қонақ үйлер мен мейрамханалар, тау шаңғысы ауылын салу үшін 550 млн доллар қажет. Жалпы алғанда, инвестиция көлемі 1 млрд АҚШ долларын құрады", - деді А.Гужавин.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда халықаралық стандартқа сай аумағы 40 мың га болатын "Көкжайлау" тау шаңғысы курорты салынбақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны