24.04.2007, 14:21 3204

Көлік және коммуникация министрі мен "Sigma Dleyzer" халықаралық инвестициялық компаниясының өкілдері ынтымақтастық мәселелерін талқылады

АСТАНА. 24 - сәуір. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінің басшысы мен "Sigma Dleyzer" халықаралық инвестициялық компаниясының өкілдері ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, шетелдік инвесторлардың сапарларының мақсаты - Қазақстанның көлік инфрақұрылымындағы әртүрлі жобаларын зерделеу. Кездесуге, сондай-ақ министрліктің комитеттері мен департаменттерінің басшылары қатысты.

Министр инвесторларға Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі Көлік стратегиясы аясында жалпы сомасы 30 млрд АҚШ долларын құрайтын бірнеше ондаған ірі жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отырғандығын, олардың арасындағы 8 жоба концессиялық негізде жүзеге асатындығын хабарлады. Көлік және коммуникация министрлігі басшысының хабарлауынша, қазіргі уақытта 2 млрд АҚШ доллары көлемінде қаржы тартылған.

Кездесуді қорытындылай келе, мекеме басшысы Көлік және коммуникация министрлігі Қазақстанның көлік инфрақұрылымының жобаларын жүзеге асыруда шетелдік инвесторлармен ынтымақтастық жасауға дайын екендігін атап көрсетті.

Сонымен қатар, жобаларды жүзеге асыру үшін қажетті қаржының 70 пайыздан астамы бюджеттік емес институттар есебінен тартылады, деп атап көрсетілген КжКМ хабарламасында. Қазақстанның көлік саласындағы жобаларды жүзеге асыруға бірқатар ірі халықаралық қаржы ұйымдары қызығушылық танытып отыр, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны