09.12.2009, 15:45 3165

Көлік және коммуникация министрлігі теміржол көлігінде жолаушылар тасымалы бойынша келісім-шарттардың мерзімін ұзарту қорытындыларын шығарды

Көлік және коммуникация министрлігі теміржол көлігінде жолаушылар тасымалы бойынша келісім-шарттардың мерзімін ұзарту қорытындыларын шығарды

Астана. 9 желтоқсан. Kazakhstan Today - Көлік және коммуникация министрлігі теміржол көлігінде жолаушылар тасымалы бойынша келісім-шарттардың мерзімін ұзарту қорытындыларын шығарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өткен аптада көлік және коммуникация министрлігінде 2010 жылға әлеуметтік маңызы бар аудан аралық жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау туралы келісім-шарттардың мерзімін ұзарту қорытындылары шығарылды. Көлік ведомстволарының өкілдері мен "Қазақстан теміржолы" Ұлттық компаниясы" АҚ еншілес акционерлік қоғамның сарапшылары тартылған жұмыс комиссиясын ҚР көлік және коммуникация министрлігінің вице-министрі Азат Бектұров бастады.

Келісім-шарттардың мерзімін қайта ұзартуға қазіргі уақыттағы әрекеттегі 7 тасымалдаушы арыздарын ұсынып отыр, олардың қатарында "Пассажирские перевозки" АҚ, "Пригородные перевозки" АҚ, "Марал-Нұр" ЖШС, "ПК Тұран Экспресс" ЖШС, "Сұңқар - 1" ЖШС, "Arlan Trans Astana" және "Құнан транс" ЖШС бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны